+1 дауыс
9.2k көрілді
"Тәуелсіздік тұғыры" тақырыбында 150 сөзден тұратын эссе жазу керек? Тәуелсіздікке қатысты қандай эссе жазсам болады.

1 жауап

0 дауыс
Тәуелсіздік жолында қазақтың талай ұлтжанды азаматтары қыршынынан қиылды. Жазықсыз өмірден ерте озды. Олар халқына қуаныш сыйлады, бірақ сол қуаныштың дәмін өздері тата алмады. Олар – қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздары. Тәуелсіздік үшін күрескен батырлар - қазақ елін лаулаған оттан да, тар қапастан да алып шыққан азаматтар. Қазақ елін арқасына байлап, шыңға өрмелеп, елді сол шыңға жеткізіп, өздері құздан құлаған хас батырлар. Олар өзім деп қара басын ойлаған емес. Олардың бар мақсаты тәуелсіздік болды емес пе? Ғалымның хаты, жақсының аты ұмытылмақ емес. Олардың бізге салып берген сара жолы, бүгінде бізге дара жол болды.

***************

Тәуелсіздік ол ата бабаларымыздың сан ғасырлық арманының жемісі. Бізді, болашақ ұрпақтары өзге яғни, жат елдің айдауында жүрмесін деп тәуелсіздіктің туын желбіретіп тігіп кетті. Тәуелсіздік жолында қаншама өлшеусіз қан төгілді. Сол бір ашаршылық жылдар, дүниежүзілік соғыс, кейіннен тәуелсіздік үшін көтеріліс пен ауыр күрес бәрі бәрі қазақтың басынан өтіп, осы күнге аман-есен ұрпағымыз ыдырамай жетті. Бұның барлығы сол ерең еңбегі сіңген ел жадынан мәңгіге орын алған батырларымыздың арқасы. Сондықтанда әр қазақ тәуелсіздіктің құны қандай болатынын есінен шығармағаны абзал. Біз келешек ұрпақ ретінде өз еліміздің берекесін сақтап, дамуын жоғарылатуына қазақылық салт-дәстүр менен әдет-ғұрыпын сақтауына ат салысуымыз қажет. Алдымен тәуелсіз нық мемлекет болу үшін, ана тілімізді қадірлей алуымыз керек, қаншалықты тіліміз бай екеніне мақтанып өз елімізде өз ана тілімізде сөйлеуіміз керек. Қорытындылай келер болсақ, тәуелсіздік ол әр еркін ұрпақ, азат ой мен сана. Ата-бабамыз айтпақшы "қол да бар алтынның, қадірін білейік". Еліміз әрқашан тәуелсіз, бейбіт болсын!....
...