+1 дауыс
609 көрілді
Дебатқа қатысып жатырмын. Осы тақырыпқа ойларыңызды қоса кетесіздер ма? Интернет кітапты алмастыра алады ма?

1 жауап

+1 дауыс
Интернетке қанша қажеттілік болса да, кітаптың орнын баса алмайды. Кітап рухани азық қана емес,түсінген адамға сырлас дос. Интернеттен онлайн кітап оқысаң да қолыңа кітап алып оқығын бөлек екені белгілі.

Соңғы жылдары интернет өмірімізге мықтап енгені сонша, қазір онсыз өмірімізді елестету мүмкін емес. Коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу, балабақша ақысын төлеу, білім беру қызметтері, пойыз/ұшақ/автобус билеттерін сатып алу, концерт, көрме, бізден мыңдаған шақырым жерде орналасқан көрікті жерлерге виртуалды экскурсиялар ....…Бұл тізімді ұзақ жалғастыра беруге болады. Ғаламтор өміріміздің барлық саласына еніп, бізді өзіне тәуелді етті десек те болады. Интернет арқылы кәсіпорындар тауарларын жарнамалайды, дәрігерлер әріптестерімен, оқытушылар мұғалімдермен онлайн-консультациялар ұйымдастырып, вебинарлар өткізеді.

Әрине, ғаламтордың арқасында біз тек қоңырау шалып қана қоймай, сонымен бірге ғаламшардың басқа жағындағы туыстарымыз бен достарымызды көре аламыз, оларға жеделхат немесе бейне құттықтаулар жібере аламыз, қашықтан оқып, білім аламыз …

Дана халқымыз «Кітап — алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың қоғамда алар орны орасан зор.

Кітап адам өмірінде, әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз.

Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мүлдем қалып барады. Дегенмен, менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.

Сонда мектеп кітапханысының қоры көбейіп қана қоймай, оқырмандар саны да артар еді деп есептеймін. Сонда өскелең ұрпақтың кітапқа оқуға деген қызығушылығы арта түсер деп ойлаймын.

«Адамды – адам еткен кітап, адамзат — еткен кітапхана»,- деп Әбіш Кекілбаев ағамыз айтқандай кітап жан сарайыңды байытар жалғыз қазына. Адамзат баласының ең үлкен құндылығы білім екені белгілі. Десе де, жасөспірімдердің білімге деген құштарлығының төмен екенін естіп те, көріп те жүрміз.

Оқушы мен кітап арасында ажырамас байланыс болу үшін ата-ана мен ұстаздың қызметі зор. «Балам басқадан кем болмасын» деп қолына смартфон ұстата берсе, кітап оқитын бала қайдан шықсын? Ұстаз шәкіртіне көркем шығармаларды көбірек насихаттаса, баланың қызығушылығы оянары анық.

Кітаппен дос болған әрбір адамның ой-өрісі кең, жан –жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Кітаптың берер пайдасы мен ақылы ұшан теңіз.

Бұған дәлел, Абай атамыздың «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» деген сөзімен ойымды аяқтаймын.
...