0 дауыс
615 көрілді

yesсұраққа жауап беріп көріңіз

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Диалектизм — жергілікті диалектілер мен говорларға тән тіл ерекшеліктері. Диалектизм — көркем шығармаларда әдеби тіл нормасынан ауытқу түрінде орын алады.

Диалектизмнің бірнеше түрі бар:

Фонетикалық диалектизмдер: әдеби ө орнына ү айтылуы (өгей — үгей), б орнына п (болат — полат), ш орнына ч (малшы — малчы), ж орнына й (бұл жақ — бұйақ, сол жак, — сойак,), сөз ортасында ғ сакталуы (шаңғарақ);

Грамматикалық диалектизмдер: көсемшенің әдеби -голы/-гелі тұлғасының -гайы/-гейі (баргайы, келгейі) аркылы, бұйрық райлы етістіктің көпше I жағы -лы/-лі арқылы жасалуы: біз баралы (барайық орнына), келелі (келейік орнына), көмектес септігінің -мынан, -бынан, -пынан қосымшалары арқылы айтылуы: атпынан, пойызбынақ;

Лексикалық диалектизмдер:

бойлай (унемі д. м.),

бейсаубет (бет алды),

жарын (келер жыл),

рабайда (анда-санда),

кун баю (кун бату),

таға (нағашы),

ашық-машық (топса),

Лексикалық Диалектизм өз ішінен бірнешеге бөлінеді:

Нағыз лексикалық Диалектизм әдеби варианттарымен мағыналас, бірақ дыбысталуы басқаша сөздер: әдеби сірінке — кәуірт, кеуірт, оттық, шақпақ түрінде айтылады. Лексика-семантикалық Диалектизм олардың ерекшелігі дыбысталуында емес, мағынасында: әдеби тәртіп — нусқау, әд. сым — шалбар мәнінде айтылады.

Этнографиялық Диалектизм белгілі бір жерге тән тұрмыс-салттық мәні барзаттар мен құбылыстарды білдіреді: жозы аласа дөнгелек үстел, әттік — қармақтың тілі, алақшын — пеш алдына шоқжаятын орын. Диалектизм көркем шығармаларда кейіпкерлер сөзінде қолданылып, шығарманын тілдік бояуын арттыру үшін қызмет етеді.
...