Тестостерон – ер адам ағзасының құрылымына жауап беретін гормон. Егер ер адам ағзасында тестостерон мөлшері қалыпты болса, онда ол денсаулығы жақсы азамат саналады. Ал бұл гормон деңгейі төмендеуін мынадай белгілер арқылы анықтауға болады:
– ми жұмысы, есте сақтау қабілеті нашарлайды;
– күйзеліс, қоршаған ортаға еш қызығушылығы болмайды;
– бұлшықет семіп, артық салмақ көбеюі;
– ағзада эстроген көбейеді, яғни әйелге тән (деп саналатын) қасиеттер басым болады, шаш түсе бастайды;
– психологиялық, физикалық қиындықтарға төзе алмайды.
Тестостерон деңгейін таңертең аш қарынға қан тапсыру арқылы анықтауға болады.
Ер адам ағзасында әр минут сайын 11 миллион молекула тестостерон бөлінеді, ал белгілі себептерге байланысты бұл молекулаға сутегі атомы қосылып кетсе, тестостерон эстрогенге айналады. Ер адамның әйелге тән (деп саналатын) мінез көрсетуі осыған байланысты екен.