0 дауыс
277 көрілді
Түс көрдім шошып магнезия магнезия әперіңдерш деп айқайладым. Түсімде Өзіммен жасты коллега врачпен бірге жүр екем үй жағымда серуендеп сөйлесіп.  Бір уақытта жаңа соғылған үйдің артында түнде айға қарап мен үлкен мұзды сындырып алып астыма қойым сөйлесіп отыр екем. Біраздан соң қытырлатып үй жанынан әкем өтті бірақ бір қарап үндемей өте берді. Мен каз үйге барамыз дедім. Үйге бардық. Есіктің алдында пақылдақ атып ойнаппыз. Екі баламда жүр ойнап атып әлі кішкентайғой бірақ біреуі 3 біреуі 1.7 жас.
Сосын бірден локация ауысты. Сол коллега врачмен бірге қалаға үйіне барыппыз үйінде ешкім жоқ сөйлесіп жүрміз үстім төңкеріліп тұрған қазанына жеңім және тізем қара күйе болды тазалаймын деп кетпеді.Бір уақытта күйеуі келетін болды тығылдық туылған күні екен. Туылған күніңмен деп өлең айтып кіші торт беріп құттықтадық (бірақ шын өмірде оның күйеуі басқа адам түсімде басқа адам күйеуі ретінде жүр). Қонақтар пайда болып күйеуімен танысып отырдық.
Тағы орын ауысты. Үйде жүрміз коллегам сыртта екен.Енді сыртқа шыға бере мамамның басы қисайған  бір жақа кухняға кіріп кетті артанан әйелім кетті жылап әкемде бар. Кірсем құлады мамам. Маған қарап жатыр сол жақа басы қисайған сол қол сол аяқ бір жағы істемей жатыр екінші рет инсульт алыпты (2-3 жыл бұрын инсульт алған еді). Әкем қорыққаннан бетімен құлып талып қалды. Әйелім жылап қатып қалды жылап. Уколдар салынған ыдысты әпер дей алмайм. Сырқа коллегам шығып кеткен деймін бірақ жоқ болып кетті. Содан айқайлап сөйледім айеліме магнезия әперіңдерші магнезия (магний сульфаты) аперші-., деп.   Содан әйелім оятып жіберді сөйсем жаңағыдай айқайлап жатыр екем.
Тұрсам таңғы 4-тен асқан. Оянып есеңгіреп тұрғанымда балам кішкентайым ыңырсып жыбырлай бастады жылап Калиманы айтып ұйықтатты әйелім.

Анықтама бере кетсем Коллегам өзіммен жасты уақытша жұмыс істеген ьізде декретпен шығып кеткен.Бірақ жақсы араласатын едік.Шынына келгенде ол ұнайтын еді иа жүкті болсада.(бұл жағынан без коммент өйткені ұнасада ештеңе істемегем ұнайтынын айтпағам ртбасылы адамбыз ол ұнағанмен әйелімді жақсы көремін).

Анам 2-3 жыл бұрын инсульт алған бірақ жүріп кетті духовой мықты адамғой мамам.Екіншісі қайталап қалама деп қорқып жүретінмін.
Түсінбей жатырмын  түсімді. Адамбызғой жақсылылыққа жориын десем қорқып қалдым. Негізі бұрынбары жиі жиі бастырылып тұратын едім.

1 жауап

0 дауыс
Ұйқыдағы адамның шытырман оқиғаларға қатысып, қорқынышты жағдайларға ұшырап, кейбіреулердің айғайлап сөйлеуі, қара терге малынуы, әртүрлі әрекеттермен қимылдар жасауы жиі кездесетін жағдай екендігі көпшілікке мәлім.

Түсті тек жақсылыққа жорыңыз және түсті кез келген адамға айтуға болмайды. Себебі ол кісі қалай жориды ол түс солай орындалу қаупі бар.

Ардақты Алла елшісі (с.а.у.): «Түс көру – пайғамбарлық бөліктерінің бір бөлігі» деген. Түстер ақиқаттың жаршысы ретінде кейде болатын жәйттардан хабардар етуі мүмкін. Олар – кей кезде анық, кей кезде астарлы болып келеді. Астарлы түстерді түсіну үшін түс жорушылардың көмегіне жүгіну керек. Мысалы, Юсуф пайғамбардың (ғайлейһиссәләм) бойында түсті тура жорып, астарын анық ашып берер Құдай берген қасиет болған, деп жазады. Дегенмен, түстің бәрі ақиқат емес. Осы жөнінен алғанда Пайғамбарымыз (с.а.у) үш түрлі түстің болатындығын айтқан:

1. Салиқалы түс. Хадисте «ру’я салиха» деп келеді. Мәнді, мағыналы түс. Басқаша айтқанда: «Рахмани түс». Мұны қазақта «аян» дейді.

2. Шайтанның үркітуі. (Шайтани түс).

3. Өз-өзіне айтқан нәрселерінің түсінде көрінуі (қияли түс).

Шайтани түстерге адамға қорқыныш пен үрей салатын, жаны қысылып, көңілсіздік тудыратын түстерді жатқызсақ болады. Мысалы, жоғарыдан құлдилап құлау, су терге түсіп біреуден қашу, жан тәсілім ету, қол-аяғы немесе басы яки басқа ағзаларының бірі кесіліп қалу, құбыжық көру т.б.

Мұндай түстің адам өміріне ешбір әсері жоқ. Мағынасыз. Атам қазақ: «түс – түлкінің боғы» деп, осы шайтани түстерге байланысты айтса керек. Хадисте «шайтани түс көрген кісі шошып оянған заматта сол жағына үш рет түкіріп, «әғузуді» айтсын. Сосын келесі бүйріне ауысып жатсын» делінген.
Бастырылып қала берсеңіз жатар алдын дәрет алып, дұғаларды оқып  жатыңыз. Сол кезде ұйқыңыз тыныш болады.
...