Қызбен қалай сөйлесуге болады ортақ әңгіме қайдан табамын?

0 дауыс
654 қаралым
Қызбен қалай сөйлесуге болады ортақ әңгіме жоқ танысып қойғанмын
• Санаты: Жалпы сұрақ

1 жауап

0 дауыс

Кино әлемі. "Ал сен кинотеатрда... болып көріп пе ең?" деген сұрақтан бастаймыз. Нені ұнататынын анықтаймыз, түнгі көрілімге барып жүрген-жүрмегенін білеміз, артынан жаңа кинолар жайлы айтып, фильмге шақырамыз - іс оңдалды! 

Әуестену. Мысалы, сіз ролик тебесіз немесе маркаларды жинайсыз дегендей. Алғашқы жағдайда, аз-кем шүйіркелесуден соң ролик тебуге шақыруға болады. Егер тебе алмаймын десе, үйретем деп уәде беріңіз. 

Әдебиет. Қыздар оқығанды жақсы көреді? Егер "иә" болса - алға. Соңғы уақытта не оқыды? Қай жазушыны ұнатады? Өзіңіздің не оқып жүргеніңізді айтыңыз. 

Саяхат, серуендер. Жақында болып қайтқан саяхаты туралы айтуына болады. Оның қайда барғысы келетінін, ұнататын ауа-райын, болғысы келетін жерлерін сұраңыз. Көбіне не ұнайды - орман, тау немесе өзен, көлге күмп беріп шомылу. 

Мұражай, ескерткіш орындар. Сүйікті қалаңда ескерткіш табылып қалар. Жолсерік кітапты алып, жұрт көп ағылатын жерлер туралы ақпарларды біліп алыңыз. Сонда барып кез келген сәтте ой-жүйеңізді мынадай рухта көрсете аласыз: "Сен білесің бе, бұл үйде ... өмір сүрген?" Ханымның сүйікті жерлерін сұрастырып, ұнататын паркі жайлы романтикалық тәлімді оқиғалар айтып беріп, серуенге шақырамыз. 

Ас.  Отбасының ас мәзірі, не болмаса таза ауада кәуәп (шашлык) жеу, т.б. Өзіңіз ұнататын кафелердің біріне бару немесе демалыс күнгі қала сыртына серуеннің өзі жетіп жатыр. 

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
127,761 сұрақ
322,328 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы