0 дауыс
576 көрілді
Мына өмірден шаршадым. Не істеуге болады?

Проблемалар,шешілмейтін.

3 жауап

0 дауыс
Сіз жалғыз емессіз. Негізі, өмірде проблема деген зат жоқ. Адамдардың бір жағдайды қиын деп қабылдауын проблема дейміз. Проблемалардан құтылудың жалғыз жолы -- оларды шешу.
0 дауыс

Қамшының сабындай қысқа да баянсыз бұл өмір үнемі қызық пен қуанышқа толы бола бермейтіні өтірік емес. Басына уайым-қайғы түскен адам Алла Тағаладан жұбаныш іздейтіні де рас. Қиын-қыстау кездерде Алла бізге қилы сынақтар жіберіп, сол сынақтарға сабырлық танытуға үндейді. Жаратушы адамның иманын сынаққа алып отырады, тек ең сабырлылар ғана Аллаға шынайы түрде берілгендігін дәлелдей алады деп айтқан Алла Тағала. Міне, осындай қиыншылықтарда қайыр бар.

Толық мәліметті asyldin.kz сайтынан оқи аласыз.

Ал суицид туралы айтар болсам "Өз-өзіне қол жұмсау - Жаратқанға қарсы шығу" болып табылады. 

Дініміз Ислам бұл мәселеге мүлдем қарсы. Өйткені мұндай амал үлкен күнәға жатады. Себебі өз-өзіне қол жұмсау – жаратқанға қарсы шығу дегенді білдіреді. Қасиетті Құран Кәрімде: «... өз-өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге ерекше мейірімді. Ал кім осы айтылғанды дұшпандық, зұлымдықпен істесе, оны жақында отқа саламыз. Бұл Алла үшін оңай»[4], – делінген.

+1 дауыс
Мен,

Кейде уайым көбейгенде дәрет алып, намаз оқимын , қайғымды Аллаға айтамын, сосын дұға жасаймын. Көп пайда бар.
...