Жоғары оқу орнына түсу үшін қандай құжат керек?

0 дауыс
243 қаралым
Жоғары оқу орнына түсу үшін не істеймін? Қандай құжат керек? Тестті қайда тапсырамын?
• Санаты: Университет, колледж

1 жауап

0 дауыс
ЖОО түсу үшін тест тапсыруыңыз қажет. Қазақстанның кез келген ЖОО барып құжат тапсыра аласыз. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды қабылдау комиссиясы 3-25 шілде аралығында жүргізеді.

Талапкер құжатты жеке тапсырады. Бөгде адамдардан құжаттар қабылданбайды.

КТ-ға қатысу үшін түсуші желілік ЖОО-ның қабылдау комиссиясына және/немесе ақпараттық жүйе арқылы келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжат тапсыру кезінде);

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) 3x4 сантиметр өлшемді екі фотосурет;

5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

6) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек.

Осы құжаттарды тапсырған соң Кешенді тестілеуге 8 – 16 тамыз аралығында қатыса аласыз.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
127,776 сұрақ
322,351 жауап
153,150 пікір
72,811 қолданушы