0 дауыс
779 көрілді
Жалпы отбасы жайлы және тәрбие жайлы эссе жазу. Отбасы менің бастауым тақырыбына эссе жазу керек?

1 жауап

0 дауыс

Отбасы – адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі,некеге немесе қандас туыстыққа негізделген қоғамдық шағын топ. Қоғаммен,бүкіл қоғамдық қатынастардың жүйесімен тығыз байланыста болғанымен,отбасы – қоғамдық өмірмен салыстыра қарағанда адамдардың биологиялық жағынан ,өз алдына дербес те сырлас тобы. Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдістермен сипатталады. Отбасы – өмірге адам әкелу,оның қажеттілігін өтеу,өмірге жан – жақты даярлау,яғни әлеуметтендіру,сол сияқты тәрбиенің барлық түріне бағыт берумен айналысатын әлеуметтік иниститут.

Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді

Отбaсы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбaсы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты.

Абай – бала неғұрлым көп естіп,көп көрсе соғұрлым көп біледі деген. Көз көруге тоймайды,құлақ естуге тоймайды. Көрмегенге көсеу тан дегенде халық,көрмей білмейсің,көз көрмей сенбейсің. Бірақ көз көрмеген жерге сөз жеткізеді. Сөз ойдың айнасы,құлақ сөз анасы.

Қорытындылай келе Әл Фараби атамыз Адамның жан дүниесі сыртқы ортаның сәулесі дейді. Ол жанның да,тәннің де иесі – жүрек,бұған мидыңда қатысы бар. Жүрек – тіршілік тірегі,қан айналысы мен қимыл қозғалысының орталығы. Баланың жасы өскен сайын оның ақылы да яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Бала дүниеге ақылды,не ақылсыз,зұлым,не ақ ниетті болып келмейді. Отан – от басынан басталады.

Отан — ошағын,дегендей,тұрмыс салтқа байланысты жанды сөздердің бәрінен халықтың арман – тілегі,ой – пікірі,келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырған.

Ұқсас сұрақтар

...