Түсімде басымнан біреу бит алып жатса не болады?

0 дауыс
554 қаралым
Түсімде басымнан біреу бит алып жатса не болады?
• Санаты: Тұлға, Адам

1 жауап

0 дауыс

Түс көру – қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі. Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И.П.Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін “күзетші пункт” деп атайды. Күзетші пункттерде адамның бұрынғы көрген, естіген, дәмін татқан нәрселердің бейнелері (бейнелі ойдың ісін басқаратын оң жақ ми сыңарында) қайта “тіріледі”. 

Түс көру адамның ырқынан тыс болғандықтан оны көрудің мағынасынан гөрі түсті жоруға көбірек көңіл бөлген. Түсті әрдайым жақсылыққа жорып, “Түс – балқыған қорғасын” оны жақсылыққа жорысаң – жақсы ниет қабыл болып жақсылыққа айналады, жамандыққа жорысаң – жамандыққа айналуы мүмкін деген ұғым бар. Түсті рухани әлемнің хабаршысы ретінде қабылдау діни танымға жат емес. Түс көруде рухани адамға аян берілетіні, ғайыптан болашақтан хабар берілетіні жайлы көптеген аңыз әңгімелер бар. 

Негізі түсіңде бит көрсең байлық, ақша деуші еді ғой. Түсіңізді көпшілікке айтудың қажеті жоқ, жоғарыда айтқандай жақсылыққа жорыса да, жамандыққа жорыса да сол қалыппен кету қауіпі бар.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+5 дауыс
37 жауап
11.01.2011 • Санаты: Тазалық Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
10 жауап
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы