Ауысу немесе оқуға қайта қабылдану, егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес оқу пәнін құраса, сол курсқа жүзеге асырылады (яғни МК 5 оқу пәнін құраса сол курса ауыса аласыз, ал егер МК 5 оқу пәнінен көп болса бір курс төмен жіберілуі мүмкін).
Білім алушыны бір мамандықтан және бір ЖОО ішінде басқасына ақылы негізде ауыстыру шартқа тиісті өзгертулерді енгізумен сүйемелденеді және ЖОО басшысының бұйрығымен рәсімделеді.
Оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылықтарды жою тәртібі және мерзімдері ағымдағы оқу жылына факультет деканының өкімімен рәсімделеді және білім алушының жеке оқу жоспарына қосылады.
Басқа мамандыққа ауысу үшін студентте ағымдық пәндер бойынша академиялық қарыз болмауы тиіс. Ауыстыру тек қысқы және жазғы демалыстарда ғана қаралады. Осы кезең үшін студентке басқа мамандыққа ауысуға байланысты оқу пәндеріндегі айырманы жою қажет. Оқу жоспарларының пәндеріндегі айырма тек ақылы негізде жойылады. Айырманы жою тәртібі және мерзімдері деканаттың өкімі бойынша рәсімделеді. Белгіленген мерзімде жойылмаған айырма әрі қарай академиялық қарыз ретінде есептеледі.