Ән туралы ақпарат керек

0 дауыс
622 қаралым
"Ұлар құс Ұлытаудағы
Өзіңен, сәулем, аумады.
Қабағын серпіп,
Қанатын желпіп,
Жанымды неге баурады.
Айналам түрлі гүл екен,
Гүл терген жерді жыр етем.
Адасып қалған,
Арайлы арман,
Құс болып іздеп жүр екен.
Көңілде көркем елеңге
Көндігіп мен де келем бе?
Иланып едім,
Қиналып едім
Махаббат жалған дегенге.
Қайдасың қайда, ұларым?
Тарқатшы көңіл мұнарын.
Еркелеп келші,
Еліктеп ерші,
Жер- көкте жалғыз құмарым."
Әкем әндетіп жүретін осы шумақтар жайында ақпарат іздеп едім - ғаламторда сөздерін ғана таба алдым. Авторлары, орындаушылары кім? Рахмет.
• Санаты: Қазақша ән | 622 қаралым

1 жауап

0 дауыс

'Ұларым"

сөзі: Кәкімбек Салықов 

әні: Шәміл Әбілтаев

Байланысқан сұрақтар табылмады

127,939 сұрақ
322,826 жауап
153,169 пікір
72,939 қолданушы