0 дауыс
4.5k көрілді
МЧС дегеніміз не? Ол қандай мамандық?

1 жауап

0 дауыс
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (Министерство по чрезвычайным ситуациям) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы салааралық үйлестіру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін құруды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (Министерство по чрезвычайным ситуациям) қызмет бағыттары:

- Өрт қауіпсіздігі;

- ТЖ профилактикасы;

- Шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметі;

- Кадр саясаты;

- Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі;

- Өрт қауіпсіздігі саласындағы зертханалық сынақтар;

- Төтенше жағдайлар;

- Өнеркәсіптік қауіпсіздік;

- Азаматтық қорғау академиясы;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

- Авариялық-құтқару жұмыстары;

- Азаматтық қорғаныс;

- Мемлекеттік материалдық резерв;

- Ардагерлер кеңесі.
...