Біреудің үйіне рұқсатсыз кіріп ұрып соққан үшін қандай жаза қолданылады

0 дауыс
699 қаралым
Құқық бұзушылық.  Заң
• Санаты: Заң

1 жауап

0 дауыс

Қылмыстық кодекстің 109-бабы. Ұрып-соғу
      Тән ауруына ұшырататын, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану іс-әрекеттерін жасау -
      жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі айға дейінгі мерзімге" қамауға алуға жазаланады.

      110-бап. Азаптау
      1. Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану іс-әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату, егер бұл іс-әрекет денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқпаса -
      бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Дәл сол әрекет:
      1) кәмелетке толмаған немесе кінәліге дәрменсіз күйде екендігі белгілі не кінәліге материалдық немесе өзгедей тәуелді адамға, сол сияқты ұрланған не кепіл ретінде қолға түсірілген адамға қатысты;
      2) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
      3) кінәліге жүктілік жағдайында екендігі белгілі әйелге қатысты;
      4) азаптауды қолдану арқылы;
      5) жалдау бойынша;
      6) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық тұрғысында жасаса -
      үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
3 жауап
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы