0 дауыс
2.9k көрілді
Балам биыл жоғары оқу орнын бітіріп диплом алды енді мұғалім болып жұмыс жасау үшін педагог санатына тест тапсыру керек екен, осының заңдылығы туралы білгім келеді.

2 жауап

0 дауыс
Testcenter. Kz тен көруге болады
0 дауыс
ЖОО бітірген түлектер қосымша тестілеуден өтіп, «Педагог» біліктілігін алуға міндетті - министр. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында педагог мамандардың біліктілігін арттыруға қатысты ойын ортаға салды.

«Осыған дейін мұғалімдерді конкурс арқылы жұмысқа қабылдаудың жаңа жүйесі жайында пост жариялағанмын. Ондағы талаптардың бірі - педагог қызметіне алғаш кіріскелі тұрған мамандарға міндетті біліктілік тестілеуден өту.

Осы жазбамда сол талаптар туралы толығырақ тоқталамын.

2021 жылы алғаш рет педагогикалық бағытта білім алған 32 мың түлекті тесттілеуден өткіздік.

Тестілеу пилотты түрде өтті. Бірақ енді жаңа ережелерді қабылдағаннан кейін, биылдан бастап түлектер мектепке жұмысқа орналасу үшін педагогикалық жоғары білімі туралы дипломының болуы жеткіліксіз. Енді қосымша тестілеуден өту арқылы «Педагог» біліктілігін алуға міндетті.

Бұл қалай жүзеге асырылады?

Бәрі өте қарапайым.

Мысалы, төрт жыл бойы математика мұғалімі мамандығын оқыған студент мектепке жұмысқа орналасуы үшін Ұлттық біліктілік тестін тапсыратын болады. Тестілеу сұрақтарында математика бойынша мектеп бағдарламасы мен сол пән бойынша сабақ беру әдістемесі қамтылады»,-дейді министр.
...