0 дауыс
534 көрілді
Қашықтан оқуда (дистанционка) университеттен басқа университетке қалай ауысу керек?Қалай жүзеге асады?

1 жауап

+2 дауыс

Қашықтықтан оқыту түрі бойынша білім алушылардың ауысу және қайта қабылдау туралы өтініштерін университет ректоры бір ай ішінде, бірақ кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей қарайды.

Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың алдыңғы академиялық кезеңдерде оқыған жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылық айқындалады. Жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылық транскриптте немесе білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтамада көрсетілген оқыған пәндер тізбесі, олардың бағдарламалары мен академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындалады. Оқыту нәтижелерін қайта есептеу үшін білім алушы ауысатын институттың ПОҚ қатарынан комиссия құрылады.

Білім алушыны басқа ЖОО-ға ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) басқа ЖОО-ға ауысқысы келетін білім алушы университет ректорының атына еркін нысанда ауысу туралы өтініш береді және мөрмен бекітілген ауысуға жазбаша келісім алып, оны қызықтыратын ЖОО-ның басшысына жүгінеді;
2) университет ректоры жеке ісін жіберу туралы жазбаша сұрау салуды және білім алушыны ауыстыру туралы бұйрықтың көшірмесін алғаннан кейін "(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды" деген мазмұндағы оқудан шығару туралы бұйрық шығарады және оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім алушының жеке ісін қабылдаушы ЖОО-ның мекенжайына жібереді.

ЖОО-да транскрипттің көшірмесі немесе сынақ кітапшасы, студенттік билет және жіберілетін құжаттардың тізімдемесі қалады.

Білім алушыны басқа ЖОО-дан ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) басқа ЖОО-дан ауысқысы келетін білім алушы университет ректорының атына ауысу туралы еркін нысанда өтініш береді;
2) ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтінішке ЖОО басшысы мен Офис - тіркеуші қол қойған және мөрмен бекітілген транскрипттің, білім беру гранты иегерінің куәлігінің, өзі оқыған ЖОО басшысының атына өтініштің көшірмелері қоса беріледі (басшының қолымен және мөрімен);
3) институт директоры ұсынылған құжаттар негізінде оқу жоспарларындағы пәндердің айырмашылығын анықтайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес игерілген кредиттерді қайта есептейді және офис-тіркеушінің келісімі бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;
4) институт директорының, офис-тіркеушінің, академиялық мәселелерге жетекшілік ететін бөлімше басшысының, оқу жұмысы жөніндегі проректордың бұрыштамаларына сәйкес ЖОО басшысы білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады;
5) бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ға оның жеке ісін жіберу туралы жазбаша сұрау салу жібереді. Сұрау салуға білім алушыны ауыстыру туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
...