Қазаққа Орта Азиядағы ең үлкен мешіттің қажеті бар ма?

0 дауыс
634 қаралым

Қазаққа Орта Азиядағы ең үлкен мешіттің қажеті бар ма? Орта Азиядағы ең үлкен зертханалар, университеттер, ғылыми институттар қашан салынады?

Біздің балалар неге үш ауысымды мектептерде оқуы керек?

Қазаққа Орта Азиядағы ең үлкен мешіттің қажеті бар ма?

• Санаты: Саясат туралы

1 жауап

0 дауыс
Бәріміз білетіндей, біз -- мақтанғанды жақсы көретін халықпыз. Ел билеп отырған ағаларымыз да мақтанғанды ұнатады. Ең-ең... деген мешітті салу да соның бір белгісі. Әйтпесе, қарапайым мешіт салуға да болар еді, егер қажеттілік болса.
Ал енді мешіт салуға кеткен қыруар қаржыға неге мектеп, аурухана және т.б қоғамдық маңызы бар нысандар салмайды? дегенге келсек, мәселе мынада: адамдар сауап алуды, Аллаға жағуды тек мешіт салу деп түсінеді, өкінішке орай. Шын мәнінде, мектеп, жол, көпір, аурухана, балабақша салған, артынан бау-бақша қалдырған адамның да сауабы көп болады. Бірақ оны көбі білмейді. Қазақ дінді молда, қажылық, намаз деп қана түсінеді. Бірақ шынын мәнінде, дін дегеніміз бүкіл өмір.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
29.02.2020 • Санаты: Логикалық сұрақтар Белгісіз сұрақ қойды
127,749 сұрақ
322,321 жауап
153,149 пікір
72,776 қолданушы