0 дауыс
533 көрілді
Жауабын толық ашып жауаб берсеңіз

1 жауап

0 дауыс
Дорама ағылшынның "drama" сөзінен алынған,  жапон тілінде "тэрэби". Негізі жапондардың телехикаялары. Кейін корейлер, қытайлар, тайвандар телехикаяларында қолданыла бастады. Ол өзінің атауына қарамастан әр түрлі жанрларға бөлінеді: комедия, драма, мелодрама, спорт, мектеп, фэнтези, ғажайып, сұмдықтар, мистика, детектив және т. б. Дораманың телехикаялардан айырмашылығы эмоция мен мимикаға ерекше назар аударылады.Онда нәзіктік, сүйкімділік, сезімталдық, бала қылықтары жиі кездеседі.

Әр адам өзіне жағымды, өзі ұнататын жанрды таңдай алады. Бірақ ең танымал жанр бұл, әрине, романтикалық жанр. Дегенмен, "талғамға талас жоқ" .
Ең алғашқы дорамаға деген махаббатымыз "Ыстық ұя" мен  "F4-тен" басталған. Бұл екеуін көрмеген қыз кем де кем. Түсірген туындыларын алыс-жақын шет елге ұсынатындықтан, кəрістер əртістеріне жоғары талаптар қояды. Сондықтан болар, дорамаларындағы кейіпкерлер кез-келген көрерменді еріксіз баурап алады. Дорама-көбінесе сағызша созыла бермейді, орта есеппен 16-20 серияға бүкіл оқиғаны сыйдырып жіберетін қабілетке ие. Небəрі 16-20 бөлім сізді жылатып, күлдіріп, қуанта да алады. Сонымен қатар, əдемі əртістер, əдемі əуен, əдемі өмір жəне хэппи энд (көбінесе). Əдемілікке құмар емес қыз жоқ шығар, сірә? Дорамадағы "əдемілікті" көріп отырып бір сəтке қиялдап, ойша саяхаттап та кетесің. Ал соңындағы басты кейіпкерлердің бақытты да баянды аяқталған өмірі көрерменге де жағымды əсер сыйлайды.
Кəріс дорамаларынан қазаққа жақын дүниелерді байқауға болады. Үлкенді сыйлау, келін мен ене арасындағы қарым-қатынас, ер жігіттің басымдылығы деген сияқтылар.
...