Аяқ неге тартылады

0 дауыс
825 қаралым
Аяқ-қол тартылу – жиі кездесетін жайт. Әсіресе, түнде ұйқыда жатып аяқ тартылып қалатын кез көп болады. Мұндай жағдайда не істеу керек? Соны қарастырып көрейік.

Аяқ тартылғанда, ауырсыну қатты болады. Ұйқыда жатып оянып кететініміз де содан. Орташа есеппен, аяқ 5 секундтай тартылады екен. Жас баланың да, тепсе темір үзетін соқталдай жігіттің де аяғы тартылады. Әсіресе, егде адамдардың аяғы жиі тартылады.

Аяқ тартылудың себебі – суық тиюден деп жатады. Бұл да себеп. Алайда негізгі себептерінің бірі – аяқтың бұлшық етіне оттегі жетпеуі. Содан адам ағзасында рефлекс іске қосылып, спазм пайда болады. Ал бұлшықетке оттегі жетуі үшін ұйқыға жатқан бөлменің іші қапырық, тыншу болмауы тиіс.

Табанға не тобыққа, тізеге ауыр күш түссе де, аяқ тартылуы мүмкін. Бұл, әсіресе, спортшыларға таныс симптом.

Алда-жалда аяқ тартылса, ауырсынуын басу үшін табанға не тобыққа массаж жасап жіберу керек. Қан айналымы жақсарады. Тырыспа кеткен соң, аяққа жылы нәрсе басыңыз немесе таңып тастауға болады.

Ауырсынуды басудың тағы бір амалы – аяқ тартылған кезде, башпайды ұстап, өзіңізге қарай тартыңыз. Сонда сіңірдің орны қалпына келеді.

Айта кетерлігі, ауырсынуды басуға арналған дәрілерді ішудің қажеті жоқ.
• Санаты: Денсаулық | 825 қаралым

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Беске бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
3.12.2021 • Санаты: Денсаулық Аноним сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
29.12.2016 • Санаты: Тазалық Әбдімәлік сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
31.12.2015 • Санаты: Денсаулық Нұргүл сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
127,938 сұрақ
322,808 жауап
153,161 пікір
72,926 қолданушы