0 дауыс
460 көрілді
Салеметсиз бе! Қашықтықтан білім беру бөлімінде білім алушы. Биыл диплом алуы керек. Биыл ЖОО бітірушілерге  НКТ тапсыру міндетті ме? Тапсырмаса диплом берілмейді  ме? НКТ тапсырмай-ак диплом алуға болады ма?

1 жауап

0 дауыс
Қазіргі министрдің талаптарының бірі - педагог қызметіне алғаш кіріскелі тұрған мамандарға міндетті біліктілік тестілеуден өту. Енді жаңа ережелерді қабылдағаннан кейін, биылдан бастап түлектер мектепке жұмысқа орналасу үшін педагогикалық жоғары білімі туралы дипломының болуы жеткіліксіз. Енді қосымша тестілеуден өту арқылы «Педагог» біліктілігін алуға міндетті. Бұл қалай жүзеге асырылады?   Бәрі өте қарапайым. Мысалы, төрт жыл бойы математика мұғалімі мамандығын оқыған студент мектепке жұмысқа орналасуы үшін Ұлттық біліктілік тестін тапсыратын болады. Тестілеу сұрақтарында математика бойынша мектеп бағдарламасы мен сол пән бойынша сабақ беру әдістемесі қамтылады. Жоғары оқу орнында шын мәнінде төрт курс оқып, қажетті білім алған студенттерге тест тапсыру қиындық тудырмайды. Ал бірқатар себептермен білімі мен қабілеті балаларымызды оқытуға жеткіліксіз түлектер білім беру ұйымдарына қабылданбайды. Бізге сан емес, сапа маңызды. Тиісті деңгейде білімі жоқ түлектер балалармен жұмыс істемеуі керек. Болашақ педагогтерді алғаш рет тестілеу көптеген жоғары оқу орны үшін үлкен сынақ болды. Бастапқыда белгіленген шекті деңгейді айтарлықтай төмендеткенімізге қарамастан түлектердің 46 пайызы ғана қажетті балл жинай алғанын айта кеткен жөн. Бұл - тест тапсырған 32 мың түлектің 15 мыңы ғана. Ақпарат ретінде айта кетейін, жыл сайын білім беру ұйымдарына 12-14 мыңға жуық педагог жұмысқа орналасады. Яғни, бұл шара мұғалім тапшылығына айтарлықтай әсер етпейді. Бәрінен бұрын мұндай нәтиже жоғары оқу орындарын лицензиясынан айыру, профильдеу, білім беру бағдарламаларын жаңарту және басқа да бастамалар бойынша министрліктің қабылдап жатқан шаралары қажет әрі дұрыс екенін айқын көрсетіп отыр. Естеріңізге сала кетейін, бұған дейін педагогтерді еліміздің 86 жоғары оқу орны даярлаған болатын. Министрлік атқарған жұмыстың нәтижесінде 30-дан астам ЖОО-ның педагогика бойынша лицензиясы қайтарып алынды. Айта кетерлік жайт, біз лицензиясын қайтарып алған жоғары оқу орындарының түлектері тестілеу кезінде ең төмен нәтижелер көрсетті. Бірақ, соның өзінде әлі 50-ден астам жоғары оқу орнының лицензиясы бар, олар педагогтерді даярлауды жалғастырып жатыр. Барлық мәселе олардың кейбірінің нәтижелері оқыту сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіндігінде.   Осыған байланысты алдағы уақытта да елімізде кадрлар даярлау сапасын жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдайтын боламыз, әсіресе, педагогикалық бағытта. Енді негізгі тренд анықталып, педагог мамандығы мектеп түлектері үшін қызықты бола бастаған кезде, бізге болашақ мұғалімдерді жоғары сапада даярлауды қамтамасыз ету өте маңызды.  Біз жоғары оқу орындарының білім беру қызметінің сапасын жақсарту мақсатында, мектепте қызмет етуге тек мықтылар келуі үшін жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. Аталған тиімді тұстарынан бөлек, бұл шара студенттерді диплом үшін ғана оқуға емес, шын мәнінде сапалы білім алуға ынталандырады деп үміттенемін. Ал жоғары оқу орындары тиісті сапада білім беруге міндетті болады. Бұл шешімді барлығы бірдей оң көзқараспен қабылдамайтыны белгілі болды. Бірақ мен оның маңызды әрі қажет екеніне сенімдімін.
...