0 дауыс
1.4k көрілді
Менің құлағым тұмауға қарсы дәрі , ішкеннен кейін дыңылдап тұратын болды, неге?

2 жауап

0 дауыс
Мүмкін ол дәрінің әсері емес тұмау кезінде құлаққа зияны тиген болар. Лор немесе терапевт врачқа  қаралу керек. Құлағыңызға өтіп кеткен ғой суық.
0 дауыс

Оның себебі Отит болуы мүмкін.

Отит немесе құлақтың қабынуы. Құлақтың қабынуының лас су арқылы құлаққа инфекцияның түсуі, толық емделмеген инфекциялық аурулар, ұзаққа созылған салқын тию секілді бірнеше себебі болуы мүмкін. 

Отит сыртқы, ортаңғы, ішкі деп бөлінеді. Құлақ ауырса, ірің немесе іріңді шырышты сұйықтық бөлінсе, есту қабілеті нашарласа және құлақ бітеліп қалса, қызарса, әлсіздік, ұйқышылдық, бас ауруы мен айналу, құлақта шу пайда болса дереу дәрігерге қаралу қажет. Үйде емделу соңы созылмалы отитке, тіпті құлақтың мүлдем естімей қалуына әкеп соқтыруы мүмкін. 

Құлақ инфекциясының жиі кездесетін түрі – ортаңғы құлақтың қабынуы. Ортаңғы құлақ қуысына суық тиіп, қабынғаннан және жасушалардың ісінуінен пайда болады. Асқынған құлақ инфекциясы аз уақыттың ішінде дамиды және ауыр түрде өтеді. 

Отитті дәрі-дәрмекпен, физиотерапия және хирургиялық жолмен емдейді. Құлаққа тамызатын тамшылар мен антибиотиктерді дәрігер кеңесімен пайдаланған жөн.

Отиттің алдын алу үшін құлақты үнемі тазалап, ішкі және сыртқы қабатын жуып отыру керек. Суық күнде құлақты жылы ұстап, бас киім киіп жүру қажет. 

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 16.10.2021 Жалпы медицина сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...