Басқа мамандыққа ауысу үшін ҰБТ ЕНТ қайта тапсыру керек па?

0 дауыс
772 қаралым
Универде 1 курс студентімін. Но бұл мамандық ұнамайды. Басқа мамандыққа ауысу үшін ҰБТ ЕНТ қайта тапсыру керек па?
• Санаты: Университет, колледж

1 жауап

0 дауыс
Студенттерді бір мамандықтан басқасына, бір оқу нысанынан екіншісіне  ауыстыру тек ақылы негізде жүзеге асырылады. Білім алушыны бір мамандықтан және бір жоо ішінде басқасына ақылы негізде ауыстыру  шартқа тиісті өзгертулерді енгізумен сүйемелденеді және жоо басшысының бұйрығымен рәсімделеді.
Оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылықтарды жою тәртібі және мерзімдері ағымдағы оқу жылына факультет деканының өкімімен рәсімделеді және білім алушының жеке оқу жоспарына қосылады.

Басқа мамандыққа ауысу үшін студентте ағымдық пәндер бойынша академиялық қарыз болмауы тиіс. Ауыстыру тек қысқы және жазғы демалыстарда ғана қаралады. Осы кезең үшін студентке басқа мамандыққа ауысуға байланысты оқу пәндеріндегі айырманы жою қажет. Оқу жоспарларының пәндеріндегі айырма тек ақылы негізде жойылады. Айырманы жою тәртібі және мерзімдері деканаттың өкімі бойынша рәсімделеді. Белгіленген мерзімде жойылмаған айырма әрі қарай академиялық қарыз ретінде есептеледі.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
127,751 сұрақ
322,321 жауап
153,149 пікір
72,776 қолданушы