0 дауыс
294 көрілді
Менің жасым 22 де. Анам қаза болған 5 жасымда. Әкем 2-ші әйел алған. Қазір әкем қайтыс болды. Әкемнің үйінен менің де үлесімді сұрауға қақым бар ма, талап етуге?

1 жауап

0 дауыс

24. Мұраны бөлісу мұрагерлердің келісімі бойынша заңда белгіленген тәртіппен берілген мұра алу құқығы туралы куәлікте көрсетілген, оларға тиесілі үлестерге сәйкес жүргізіледі. Келісімге қол жеткізілмеген кезде мұраны бөлісу сот тәртібімен жүргізіледі.

      Егер мұра алу құқығы туралы куәлік берілмеген мұраны бөлісу туралы талап арыз қабылдау кезінде сот АК-нің 1073-бабының 2-тармағында көзделген мерзім аяқталмағанын анықтаса, онда ол АПК-нің 152-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес арызды қайтарып, мұра алу құқығы туралы куәлікті алу тәртібін түсіндіруге міндетті.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
      25. Мұра мүлкін бөлісу туралы мұрагерлердің келісімі болмаған жағдайда, дау сот арқылы шешіледі.

      Сот мұра мүлкін бөлу туралы істерді қараған кезде мұрагердің мұрадағы өзіне тиесілі үлесінен бас тартуын қабылдамай, мұрагерлікке құқығы туралы куәлікте көрсетілген үлестерді ескеруге және АК-нің 218-бабының талаптарын басшылыққа алуға тиіс. Алайда, мұндай мұрагер істегі іс жүргізу жағдайына байланысты АПК-нің 48-бабында көрсетілген әрекеттерді жасауға құқылы.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
      26. Мұра алу құқығы туралы куәлік берілген мұрагерлік мүлікті бөлісу туралы дауларды шешкенде, сот оның құрамын, істі қарау кезіндегі оның нақты (нарықтық) құнын және мұрагерлер тобын анықтауға тиіс. Бұл ретте АК-нің 1040-бабына сәйкес бөлісуге жататын мүліктің құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқталмайтын құқықтары мен міндеттері кіретінін ескеру қажет.

...