0 дауыс
377 көрілді
Бетке арналған масканы қолданбас бұрын, маска жақсы нәтиже беру үшін бетті қалай дұрыстап тазартуға болады?

1 жауап

0 дауыс

. Екі рет жуыныңыз.
Макияжды кетіру үшін макияж кетіргіш затты аямаңыз. Процедураны 2 рет жасаған абзал. Косметиканы ізін қалдырмай тазалау қажет. Әйтпеген жағдайда безеу мен тері асты қабынуларының пайда болуына үлес қосуы мүмкін.

2. Жылы су.
Макияж кетіргіш затты саусақтарыңыздың ұшымен жағыңыз. Ең бастысы — барынша кірді кетіру. Судың температурасына көңіл аударыңыз, бастапқыда суық сумен жуынбағаныңыз абзал. Суық су — сергектік бергенімен, алдын-ала тері клеткаларын тарылтады, бұл қара дақтардың пайда болуына әсер етеді. Судың жылулығын бөлмелік температураға сәйкестендіріңіз, макияж кетіргішті жағып, жуыныңыз. Содан кейін тері клеткаларын жабу үшін суық сумен жуынсаңыз болады.

3. Көзіңізді уқаламаңыз.
Мақтаны макияж кетіргішке батырып, көзіңізде 2 секундтай ұстаңыз. Кетіргіш зат теріге сіңе бастайды да бұл макияжды кетіру процессін жеңілдете түседі. Косметиканы соңына дейін кетіруге тырысыңыз. Түнге қалған кірпік бояғыш — кірпіктерді әлсіретіп, кейін оның түсуіне себепкер болады.
Назар аударыңыз!
Терінің типі. Макияж кетіргіш заттарды таңдағанда міндетті түрде терінің типін ескеру қажет. Майлы беттерге жазда гель пайдаланған жақсы, ал қыста терінің қай типі болмасын үлкен күтімділікті қажет етеді. Сондықтан тазартқыш сүт (молочко) — ең тиімдісі.
Майлық (салфетка). Қазіргі уақытта көп таралған тазартқыш майлықтар сапарға шыққанда пайдалануға жақсы. Алайда макияжды толық кетіруіне үлес қоса алмайды.
Тазартқыш сүт (молочко). Құрғақ терілер үшін ең ұтымды тәсіл. Жағып біраз массаж жасау керек. Содан кейін жылы сумен немесе тоникпен жуып тастау қажет.
Гель. Макияжды кетіретін бұл зат майлы терілер үшін өте пайдалы. Теріге абсолют тазалық сезімін береді. Гельдердің нәзік және жақсы көпіршіктенетін түрлерін іздеңіз.
Май (масла). Тазартқыш майларға су қоссаңыз тазартқыш сүтке айналады. Егер майды жаққаннан кейін өзіңізді жайсыз сезінсеңіз бетіңізді тоникке батырылған майлықпен немесе мақтамен сүртіңіз.

...