Немен маған Наурыз мейрамы ұнайды? эссе 60 слов

0 дауыс
1.2k қаралым
Немен маған Наурыз мейрамы ұнайды? эссе 60 слов
Қазақ тілі

1 жауап

0 дауыс

Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеліп, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, түн болса, керісінше қысқара бастайды.

Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.

Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.

Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.

Сондықтан,, Наурыз мейрамы өте көңілді жылы сезімге толы мейрам ретінде менің көңіліме жағады.

Ұқсас сұрақтар

127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы