Химия-5В060600 мамандығын бітірген студент химия пәнінің мұғалімі бола ала ма?

0 дауыс
774 қаралым
Сәлеметсіз бе, Министр мырза. Мен 2021 жылы Әль-Фараби  атындағы қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінен химия-5В060600(яғни химик-зерттеуші) мамандығын тәмамдадым. Қазір тұрмыстамын, мен тұрып жатқан ауылда химия пәнінің мұғалімі лауазымының орны бос. Мен осы лауазым бойынша ауыл мектебінде жұмыс жасай аламын ба?
• Санаты: Мамандық | 774 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Мен де хим факты бітіргенмін. ОЗХТ мамандығын. ХЗ мамандығы білуімше педагогика мен психология пәндерін бакалаврда өтеді. Егер сол пәндер оқытылған болса мұғалім болып жасай аласыз. Тіпті ОЗХТ бакалаврді аяқтап, пед-исл. бағытында магистратурамен жалғастырып, группаластарым мектепте мұғалім болып жасап жатыр. Бастысы оқу барысында осы педагогика мен психология пәндері өтілген болса болды.

Ұқсас сұрақтар

127,939 сұрақ
322,826 жауап
153,169 пікір
72,940 қолданушы