Жалғыздықтан арылу үшін не істеуге болады?

0 дауыс
686 қаралым
Менын достарым жок десемде болады куним кайталана береды туйыкпын ешкм менмен араласкысы келмиды, бары кашкактайды нестесем болады?
• Санаты: Өмір, Тіршілік
санатын ауыстырды | 686 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Оқушысыз ба, әлде үлкен кісісіз бе?

Берер кеңесім, өзіңізді аямаңыз. Аяйберсеңіз өз-өзіңізді өмір қорқынышты болып көріне береді.   Керісінше қорқынышыңыздың көзіне тіке қарап әңгімені адамдармен өзініз бастап үйреніңіз. Басында қиын болады, бірақ жәймен үйреніп кетесіз.
Қашқақтауының себебі неде? Ойланып көрдіңіз бе? Бәлкім қабағыңызды түйіп алып жүресіз немесе өмірден түңілген кейіпте жүресіз. Өзіңізді сырттай аңдып көрініз. Адамдарды өзіңізге тартқыңыз келсе тартымды қылықтар жасаңыз.Әрқашан күлімдеп ,жылы лебізбен қараңыз.
Ең бірінші өзіңізді жақсы көріп үйреніңіз. Өзіне баға білген адам, өзін құрметтеген,өзін жетілдіруге тырысатын адам басқаларды өзіне тартып тұрады.
Әр түрлі үйірмелерге жазылыңыз қолдан келсе, (ораторлық, спорттық т.б.)

Алладан көмек сұрап, білім жинап(кітап оқып)  өзініңізді қамшылаңыз.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
2 жауап
1.10.2023 • Санаты: Жалпы сұрақ Сара сұрақ қойды
127,939 сұрақ
322,826 жауап
153,169 пікір
72,940 қолданушы