Соңғы 2-3жыл сондай ауыр кезең болды.Апамнан айрылдым.Кездесіп жүрген жанмен арамызға сызат түсіп айрылысып кеттік.Ол үйленіп кетті.Анаммен жиі сөзге келеміз.Ата анамда жиі сөзге келіп қалады.Ағам жол апатына түсті.Операциядан операция болып жүр.Карантиннің салдарынан бюджеттік қиындыққа тап болдық.Қарызға кіріп кеттік.Тәтем дүниеден кетті.Тағы бір татем тұрмыс құрып барған жері мазасыз болып шықты.Одан бөлек тұрмыс құратын жасқа келіп пәктік туралыда ойлана бастадым.Себебі 4-5жасымда ағаштан құлап астынғы жақтан зақым алғаным есімде.Ертең барғанда арым таза болып барамын ба?Бала көтере аламын ба деген сұрақта мазалайды.Арқамда омыртқа ауруы тағы қосылды.Салдарынан ассиметриялық бетке тап болдым.Олда бір минусқа айналды.Көп адам бетке басып қалады.Біраз қиындық болды.Өзгелер үшін мүмкін қиын емес,бірақ дәл қазіргі сәтте мен үшін ауыр кезең.Осының бәрін ішіме жұта бердім.Бәрне бақыттыдай көрінем.Солайда ойлайды.Қазір жылай алмайм.Жүрек ауруына шалдықтым.Сыздап кететін әдет шығарды.Бәрін ойласам жылап шығарып тастағым келеді.Бірақ жүрегім қатты ауырад.Тіпті қолдарымда дызылдап,екі көзім шарасынан шығып кетердей ауырады.Көңілімді аулайын деп өзге жанменде сөйлестім.Тауға шықтым Үйдегілермен біршама уақыт араласпадым.Анаммен 2ай сөйлеспей ақылға келейін депте көрдім.Әсер етпеді.Әр хабарласқанда анамда отбасылық қиындықтар туралы айта береді.Есіме күнде салады.Жылататын видео басқасы бәрін қарадым.Жылай алмаймын.Аңырап тұрып ішімдегіні ақтарып тұрып жылағым келеді.Қатты батып барад жегідей жеп.Апам қайтыс болғанда шок болып қалдым.Содан бері осындай болдым.Ол кезде де жылай алмағам (естігенде).Алматы қаласында қандай психологтар бар?Немесе қандай кеңес айтасыздар?