0 дауыс
1.0k көрілді
Мен дәл қазір 9сынып оқимын актер болғысы келеді.Нағыз Актер болу үшін қандай қай жердегі оқу орынына түссем болады.11 ге калсам ұбтдан аз балл жинап қалсам актер дан басқа қандай мамандық қа түсе аламын.Жәнеде актер болсам  қанша теңгедей ақша таба аламын.Маған негізі театр сахнасында өнер көрсеткен ұнайды Өзім әзіл жағына жақын болғандықтан Алдараспан шаншардағы ағаларымыз дай болу үшін не істеу керек.

2 жауап

0 дауыс

 «АКТЕРЛІК ӨНЕР» МАМАНДЫҒЫ

 Талапкерлерге қойылатын шарттар

Бастапқы шығармашылық байқау

Талапкер өзінің мәдени дәрежесін, ойлау қисынын, талғамын, жігер-қажырын, музыкалылығын, дене сымбаттылығын көрсете білуі шарт. Тілі мен дауысы таза болуы керек. Талапкерлердің түр-тұлғасы, есту, сезіну, көру, қимыл қабілеті, сахналық көркемділігі болуы қажет.

Шығармашылық емтихандар

Вокал.

Актер шеберлігі(этюд, пластика).

Сахна тілі

Вокал емтиханына қойылатын талаптар

Талапкердің қалауы бойынша домбырамен немесе фортепианомен қосылып ән салуы шарт. Әннің мазмұнын толық ашып, темпін, музыкалық ерекшеліктерін дұрыс орындауы тиіс. Талапкердің орындауында:

Қазақ халық әндері

Орыс халық әндері

Қазақ және шетел композиторларының әндері

   

Бағалау деңгейі (критерийі):

«Өте жақсы»: дауыс тембрі әдемі, әрі диапазоны кең, иннотациясы таза, ритмі жақсы, есту қабілеті бар, жеке дара творчестволық қажетті ұл мен қызға қойылады.

«Жақсы» – дауысы жақсы, ести білу қабілеті бар, іштей органикасы жеке ашылмаған ұл мен қызға қойылады.

«Қанағаттанарлық» – дауысының диапазоны орташа, ести білу қабілеті нашар балаларға қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» – профессионалдық мүмкіндері, қабілеті жоқ балаларға қойылады.

«Актер шеберлігі емтиханына қойылатын талаптар (этюд, пластика):

Этюд

Талапкерге зейін мен зердесін тексеруге арналған жаттығулар беріледі. Ұсынылған шартты жағдайға байланысты этюд құрастырып, сезім мен сенімін паш етіп көрсетеді. Аяқ астынан ойлап табу қабілеті мен ой жүйріктігі тексеріледі. Талапкердің орындауында:

-этюд (өмірдегі көріністерден сахналанған өзінің шығармашылық көріністері).

   – Пластика

Талапкердің музыкалық ырғақты, өлшем мен екпінді түсініп, бойына сіңіріп, қимыл-қозғалыс жасауы, биге бейімділігі тексеріледі. Талапкер қимыл координациясын, оқыс құбылыстарға сай әрекет жасау (реакция), зейін мен зердесін тексеруге арналған жаттығулар көрсетеді.

Талапкердің орындауында:

Би түрлері (халықтар биі, классикалық би, жастар биі);

Ырғақты билер (брэйк, рок-н-ролл);

Акробатикалық элементтер.

          Бағалау деңгейі (критерийі):

Талапкерлерге және бағалаудың «кірістік» сынақтық процедураларына, нормаларына (критерийлеріне) қойылатын талаптар

«Өте жақсы»: – іштей органикасы бар, темпо-ритмді сезе және ести білу қабілеті бар, қимыл координациясы жақсы, музыкалық ритмді, өлшем мен ырғақты түсініп қимыл-қозғалыс жасауы, іштей органикасы бар жеке дара творчестволық қажетті ұл мен қызға қойылады.

«Жақсы» – әдемі келбеті бар, іштей темпо-ритмді сезе және ести білу қабілеті бар, музыкалық ритмді, өлшем мен ырғақты түсініп көрсету қабілеті бар, іштей  органикасы  жеке ашылмаған ұл мен қызға қойылады.

«Қанағаттанарлық» – координациясы, профессионалдық мүмкіндері, қабілеті нашар балаларға қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» – профессионалдық мүмкіндері, қабілеті жоқ балаларға қойылады.

 «Сахна тілі емтиханына қойылатын талаптар:

Талапкер әр түрлі жанрдағы әдеби шығармалардан үзінділерді жатқа оқуы керек. Талапкер автордың айтайын деген ойын, талап-тілегін тыңдаушысына толық жеткізе білуі керек: тілдің таза, дауыстарының ашық, ойларының анық болуы шарт. Талапкердің орындауында:

-прозадан (үзіндіні жатқа оқу);

-поэзия (жатқа оқу);

-мысал-сықақ әңгімелерден үзінді оқу.

                       Бағалау деңгейі (критерийі):

Талапкерлерге және бағалаудың «кірістік» сынақтық процедураларына, нормаларына (критерийлеріне) қойылатын талаптар

«Өте жақсы»: – физиологиялық тіл кемшілігі жоқ, қазақ тілін жақсы меңгерген жеке дара творчестволық қажетті ұл мен қызға қойылады.

«Жақсы» – физиологиялық тіл кемшілігі жоқ, қазақ тілін жақсы меңгерген,  іштей  органикасы  жеке ашылмаған ұл мен қызға қойылады.

«Қанағаттанарлық» – дауысының диапазоны орташа, кейбір түзеуге келетін тіл кемшіліктері бар (мысалы, с – ш, з-ж, р-ң дыбыстарын), профессионалдық мүмкіндері нашар балаларға қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» – профессионалдық мүмкіндері, қабілеті жоқ балаларға қойылады.

Толығырақ: https://college.kaznai.kz/kz/

0 дауыс
Сәлеметсізбе? Актер болғыңыз келсе, алдымен сол мамандықты сүю керек. оның қыйындығына да көне білу керек. Театр актерлары Мемлекеттің тағайындаған жалақысын алады. Кез келген мемлекеттік жұмысшылардың жалақысындай жалақы алады. Қосымша той томалақ, кештер жүргізіп, концерттер қойып, киноға түсіп табысын көтереді. Бұл мамандықта бағыңызға қарай жұлдыз боласыз, көп ақша таба аласыз. Актер мамандығына түсемін десеңіз колледждер де жоғары оқу орындары да жетерлік. Алматы Қаласында Жүргенов өнер академиясының колледжі бар, Елебеков атындағы музыкалық колледж бар. Астанада Шабыт колледжі бар. Петропавлда да колледж бар. Бұл колледждерге түсу үшін шығармашылық емтихан тапсырасыз.
Мен шығармашылық емтиханға талапкерлерді дайындаймын. +77770258993
...