0 дауыс
7.0k көрілді
"Философия ғылымының әдістері мен қызметтері" Баяндама жазу керек еді

1 жауап

0 дауыс

ФИЛОСОФИЯ ертедегі грек сөзінен аударғанда (phileo – сүйіспеншілік, sopia – даналық деген сөздер) даналыққа құштарлық деген ұғымда, ең алғаш ертедегі грек философы Пифагор (б.з.д. 580-500 жж.) еңбектерінде философия термині кездеседі. Бұл сөздің рухани мәдениетке, ғылыми білімге енуі Платонның (б.з.д. 428-347 жж.) есімімен байланысты.

Философия болмысты рухани игерудің жаңа түрі есебінде ежелгі мәдениеттің үш түрлі ошағында Үнді, Қытай, Грецияда (б.з.д. VIII-VI ғғ.) бір уақытта пайда болды (К.Яперс «Смысл и назначение истории». Бұл кезеңді Карл Яперс «тарихтың осьтік уақыты» деп атады. Яғни К.Яперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.



Философия пәні. Адам мен ғаламның арақатынасы – адамның ондағы алатын орны философияның қарастыратын әмбебап мәселесі. Жалпы философия таным, табиғатты бастама ретінде адам мен қоғам мәседелерін зерттейтін ғылым.

Философиялық негізгі категориялар (ұғымдар): материя (бізді қоршаған барлық материалды (жасанды) және табиғи заттар мен объектілер), сана, болмыс.

Философиялық білімнің құрылымы – 1) онтология, 2) гносеология, 3) логика, 4) методология, 5) этика, 6) эстетика, 7) психология, 8) әлеуметтану, 9) философия тарихы.

Онтология (грекше ontos – болмыс) жалпы болмыс (қозғалыс, кеңістік, уақыт, сана, әлемдік дамудың мақсаты, табиғаттың даму заңдылықтары) туралы ілім. Болмыстың түрлері – адам, заттар мен табиғат, рухани, әлеуметтік болмыстар.

Гносеология (грекше gnosis – таным) – таным теориясы. Әлем өз негізінде танымды ма; адамның тану мүмкіндіктері қандай деген сияқты мәселелерді зерттейді. Дүние танылмайды деу – агностицизм деп аталады. Ең әйгілі философ-агностик – И.Кант.

Логика (Қисын) – (грекше logis – сөз, сөйлем, ой, ақыл) – дұрыс ойлау заңдары мен формаларын зерделейтін ғылым. Логиканың үш түрі бар – диалектикалық, математикалық, формальді.

Аксиология – құндылықтар мәселелері: игіліктер деген не; құндылықтардың табиғатын, адам қызметінің өзгертушілік мәселелерін (праксиология) немесе адамның әлемді өзгерту қабілетін зерттейді.

5) Этика (грекше ethos – дағды, әдет-ғұрып) – мораль және адагершілік жайындағы ілім. Басты категориялары – жақсылық пен жамандық.

6) Эстетика (грекше aisthetikos– сезіну) – адамның дүниені эстетикалық немесе әсемдік заңдары тұрғыда түсіну ғылымы. Басты категориялары – әсемдік пен ұсқынсыздық.

7) Психология (грекше psyho – жан) – адам жаны мен психикасы туралы ғылым. Басты ұғымдары – психика, мінез, темперамент, ес, интеллект, қиял, іс-әрекет, энергопотенциал, т.б.

8) Әлеуметтік философия (әлеуметтану) (грекше societas – қоғам) – қоғам мен әлеуметтік процестерді зерттейтін философияның тармағы.

9) Философия тарихы – философияның даму тарихын зерттейді. Неміс философы Г.Гегель айтқандай «Философия Шығыста басталып, Батыста аяқталады».

ФИЛОСОФИЯНЫҢ ЕКІ ӘДІСІ БАР:

ДИАЛЕКТИКА

МЕТАФИЗИКА

Диалектикаға сәйкес барлық заттар мен процестер дамиды, өзгереді, бір-біріне айналады. Демек диалетикалық әдіс жалпы байланыс, даму салаларына негізделген, яғни барлық заттар байланыста және даму процесінде болады.

Метафизикалық әдіс бойынша диалектикаға керісінше барлық заттар өзгеріссіз, ұйып қалған, дамымаған, байланыссыз күйде болады.

Диалектика мен метафизика әдістері XVII-XVIII ғасырларда пайда болған механикалық немесе метафизикалық материализмде, XIX ғасырдың ортасында пайда болған диалектикалық материализмде нақты көрініс тапты.


Дүниетаным дегеніміз – әлем және ондағы адамның орны туралы көзқарастаржиынтығы. Философия дүниетанымның әлеуметтік-тарихи түрі.Дүниетанымның тарихи үш түрі бар: мифологиялық, діни, философиялық.

Дүниетанымның алғашқы тарихи түрі – мифологиядық, оның негізі миф (грекше mifos – аңыз-ертегі) – аңызға айналған құдайлар, батырлар туралыхикаялар. Әйгілі мифтер Грецияда туған (Аргонавтар, Олимп құдайларыГераклдың 12 жорығы, Прометей туралы мифтер). Мифологиялық көзқарас дүниеге деген сезімдік көзқарас ол дүниетанымдық сұрақтарды құдайлар, рухтар жөнебатырлармен байланыстыра суреттеуден байқалады және бақытты өмірге, аурудан,жоқшылықтан, сәтсіздіктерден қорғануға деген мақсаттармен тығыз байланысы.

Діни дүниетаным – негізі – дін, мазмұны – тәңірге ессіз табыну, яғни санадантыс күштермен белгілі қарым-қатынас орнататын әдеп-ғұрып жүйесі. Діннің 3әлемдік түрі бар –буддизм (б. з. д. 6 ғ.), христиандық (1 ғ.), ислам (7 ғ.). Дінисенімнің түрлері: фетишизм (киелі деп танылатын затқа табыну), тотемизм (адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен байланыстыру), анимизм (жан бар деп сену, әруаққа сыйыну), магия (сиқырлау, алдау, арбау).

Философиялық дүниетаным – сенімге емес, ақыл мен ғылымға сүйеніп,табиғаттың, қоғамның, адам санасының және танымның дамуының жалпызаңдарын зерттейді, яғни ол әлеуметтік-теориялық білім және дүниеге көзқарасретінде пайда болады.

ДҮНИЕТАНЫМ ТҮРЛЕРІ

Философияның қарастыратын әмбебап мәселесінен – адам мен ғаламның арақатынасынан «философияның негізгі сұрағы» туындады. Маркстік әдебиеттерде философияның негізгі сұрағының екі жағы бар деп қарастырылады: а) не бірінші – рух па, табиғат па?; б) әлемді танып-білуге бола ма?

Бұл мәселе Ф.Энгельстің «Людвиг Фейербах және неміс классикалық философиясының соңы» деген еңбегінде бірінші рет қойылған.

Руханилық пен материалдық қатынасын шешуде (философиялық сұрақтың 1-жағы) философтар екі түрлі бағытқа бөлінеді: 1) материалистер бірінші деп материалдықты (қоршаған ортаның бөлігі – су, ағаш, металл, жер, т.б.) есептесе; 2) идеалистер үшін, керісінше, материалдық – руханилықтың туындысы (идея, сана, ерік, абсолюттік рух, т.б.). Материализм мен идеализмнің бірнеше тарихи түрлері бар.

Философиялық сұрақтың 2-жағы әлемнің танымдық мәселелерімен (гносеология) байланысты: әлем өз негізінде танымды ма; адамның тану мүмкіндігі шексіз бе, әлде оның шегі бар ма; ғалам туралы білім қалай алынады, алынған нәтиженің ақиқаттығына немесе қателігіне қалай көз жеткізуге болады?

Философияның басты екі бағыты бар: идеализм мен материализм.

Идеализм – сананы материалдылықтан жоғары қойды, идеяны мойындады. Идеализмнің объективтік (рухтың адамның санасы мен табиғаттан тыс, тәуелсіз өмір сүретінін мойындау) және субъективтік (заттар мен болмыс адам психикасының, рухани өмірінің жемісі) түрлері бар.

Материализм (лат. materialis - заттық) – идеализмге қарама-қарсы ғылыми философиялық бағыт, материяны немесе табиғат пен заттарды санадан жоғары қойды, матрияны мойындады. Ол дүниенің мәңгілігін, оның ешкімнің жаратпағанын, уақыт пен кеңістік жағынан шексіздігін көрсетеді. Сана материяның жемісі, яғни табиғатты тануға болады дейді.

Философия тарихында материалистерді 3 түрге бөледі: 1) стихиялық, 2) метафизикалық, 3) диалектикалық. Стихиялық материализм – Ежелгі Үнді, Қытай, Греция материалистері. Дүниенің бастамасын табиғаттың cтихиясынан іздеді – судан, оттан, жерден, ауадан (металдан).

Стихиялық материализмнің түрлері: натурфилософия – табиғат философиясы ұғымын білдіреді (Ежелгі Греция мен Қытай философиясы), гилозоизм – материяның (зат және өмір) жанды тіршілігі туралы философиялық ілім, анимизм - жан, рух дүниесіне табыну, сену (Ежелгі Үнді философиясы).

Механикалық, метафизикалық материализм – Европадағы Жаңа заманда (17 ғ.) табиғатты философияның обьектісі ретінде санап, оны механика мен математика заңдарына бағындырды. Әйгілі өкілі – Ф.Бэкон.

Диалектикалық материализм – Маркс пен Энгельстің (19 ғ. орт.) материализмнің ең жоғарғы түрі. Оған сәйкес дүниедегі барлық нәрселер құбылмалы, кез келген заттар қарама-қарсы қасиетке ие болуы мүмкін. Материализмнің басқа түрлері – антропологиялық (Л.Фейербах) – дүниенің бастамасы адам деп санады, француз материализмі (П.Гассенди) – дінге қарсы бағытталды, антиклерикалдық (латынша клерикалис – діни) сипатта дамыды.

Философияның негізгі міндеттері: көзқарастық, сыни, гуманистік, болжамдық, методологиялық, теориялық ойлау, аксиологиялық, әлеуметтік.

Көзқарастық қызмет – ең басты міндет, ол адамның дүниеге деген көзқарасын қалыптастырады.

Сыни қызмет – қоршаған әлемнің, білімнің барлығына күмін келтіреді.. Оның негізгі мақсаты – таным шекарасын кеңейту.

Гуманистік қызмет – материя мен табиғаттың, адам мен оның санасының, қоғамның, танымның дамуының жетістерін анықтайды.

Болжамдық қызмет – дүниедегі барлық процестерді, адам өмірі мен санасының дамуын болжайды.

Методологиялық қызмет – бізді қоршап тұрған дүниенің әдісін қалыптастырады.

Теориялық ойлау қызметі – философиялық тарихи ойды теориялық жүйеге келтіреді.

Аксиологиялық қызмет – әлемдегі басты құндылықтары (моральдік, эстетикалық, ғылыми т.б.) анықтайды.

Әлеуметтік қызмет – қоғамды зерттейді.

Толығырақ: https://melimde.com/filosofiya-peni-izmetteri-men-mindetteri-orindafan-bejsenbaeva.html

...