0 дауыс
536 көрілді
Қыпшақ деген соз кандай магынаны былдыреды.

1 жауап

0 дауыс

1663 жылы Әбілғазы Баһадүр Хан жазған шежіреде «Қыпшақ» туралы былай дейді:
«...Оғыз Ханның бір алысқа шыққан жорығында Әскербасшылары өздерінің әйелдерін ала шығады. Сонда қақтығыстан бір Әскербасы қаза табады. Қақтығыс аяқталғанан кейін, Оғыз Хан осы Әскербасының әйелін тауып алады. Оның аяғы ауыр екен, қайда барарын білмей алшақтау жердегі бір кәрі тал қуысында ұл босанған. Оғыз Хан ұлдың әкесі қақтығыс кезінде қаза тапқасын, оны өсіріп тәрбиелеуді өз мойнына алып, атын Қыпшақ атаған. Бұл көне Түрік тілінде «қабушақ» - қуыс ағашдеген мағына екен... » - айта кетелік, орыстың «полый» деген көне сөзі бар «іші қуыс, бос кеңістік» деген мағына береді – «...Ұл ер жеткесін, Оғыз Хан оған мол әскер беріп батысқа жібереді, Танаис өзеніне қарай. Барлық Қыпшақ осы ұлдан тарады. Оғыз Ханнан бастап Шыңғыс Ханға дейінгі уақытта, яғни 4 мың жылдан астам, Қыпшақ жерінде өз қарамағындағылардан басқа ешкім тұрған жоқ. Ол жер Дешті Қыпшақ аталды...»

Бұл шежіре алғашында қолжазбадан аударылып француз тілінде жарияланған. Француз тілінен орыс тіліне аударған адам «Қыпшақ» сөзіне мынадай түсініктеме жазып кеткен: «...Қазақ деп жүргеніміз осы Қыпшақтар. Себебі, біріншіден, Қыпшақ тұрған жерде Қазақ тұрған, Қазақ тұрған жерде Қыпшақ тұрған. Екіншіден, Қыпшақ пен Қазақ бір атаудан шығып, орыс пен татарлар тілдеріне жеңіл Қазақ атап кеткен. Үшіншіден, Қазақтар барлық Татарларға бауыр келеді...».

Тарихшы Манаш Қозыбаев «...Қыпшақ пен Қазақ атауы бір уақытта пайда болып, бір-бірін ауыстырып жүр...» дейді...

 https://massaget.kz/blogs/25183/

...