0 дауыс
419 көрілді
11 сынып оқып жатырмын. Дизайнер мамандығын таңдағым келеді. Маған кеңестеріңіз болса айтыңыздарды. Қолымнан сурет салу барлығы келеді дайындалып жүрмін. Шығармашылық пән таңдауда не келеді?

1 жауап

0 дауыс
ДИЗАЙНЕР БОЛУ ҮШІН НЕ КЕРЕК?

Өзгеге ұқсамауы, өзіндік қолтаңбасы болуы – басты шарт;

Ойлау қабілеті ерекше болуы тиіс;

«Шикізатты» көріп отырып, дайын бұйымды көз алдына елестете алуы керек;

Адамдармен тіл табыса білуі де маңызды;

Ойдан ой тудырып, үнемі соны, тың идеяларды ұсынып жүруі керек;

Төзім мен сабыр да аса қажет қасиеттер, өйткені кейде ә дегеннен ойлағаның орындала қоймауы мүмкін. Бір жұмысты бірнеше рет бұзып, қайта жасауға тура келетін сәттер болады;

Еңбекқор болу керек;

Киімді пішіп-тігуге икемді болу қажет;

Сән әлеміндегі түрлі бағыттар, стильдер жөнінде жан-жақты хабардар болған жөн;

Мата мен терінің түрлерін ажырата білу керек;

Тігістің түрлерін де меңгерген жөн;

Клиенттерді мұқият тыңдап, олардың қажеттілігімен санаса білу керек.

«Дизайн» мамандығы бойынша мамандар дайындаудың оқу бағдарламасы (оқу бағдарламасы мен жоспары) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарты негізінде құрылған. Басты мақсат – білімгерлердің дизайн жасауға қажетті теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, мамандық терминологиясын еркін меңгеруге мән беру, кескіндеме, графика, мүсін, дизайн, жарнама өнімдеріне композициялық талдау жасауына қол жеткізу.
...