ХІ–ХІІ ғасырларда Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмед Иүгінеки, Қожа Ахмет Ясауи, тағы басқа этикопедагогикалық трактаттары кең таралды. Бізге алғаш жеткен Орта Азия мен Қазақстанның түркі тілдес халықтарға ортақ мұра болып саналатын, сол кезеңдегі діни əдебиет ескерткіші — Ж.Баласағұнның «Құтты білігі» болды. Бұл трактатты зерделеу арқылы еңбектің тек адам өміріндегі білімнің рөлі мен бақыт туралы ойлауға ғана арналмағанын айқындадық. Сонымен қатар ең алдымен қоғамның түрлі топтары өкілдерімен қарым-қатынас жасау өнетін жан-жақты мазмұндауымен құнды. Ал, бұл ұлтқа, түрлі халықтың өкілдерімен қарым-қатынас жасап, сыйлау, адамшылық көрсете білуді талап ететін оқушының көп мəдениеті құзырлылығын қалыптастырудың алғышарты болды.
Бұл, ойшыл пікірінше, түрлі мəдениеттердің өзара сыйластығы, бейбітшілік пен келісім үшін іргетастың қалануына мүмкіндік береді. Ойшыл бұл тұрғыдағы тұжырымдарын «Сыйластық пен құрметті» танығың келсе, адамдарды сыйластық пен құрмет етуге ұмтыл», — деген нақыл сөзімен қорытады.
Ж.Баласағұн ұлы ойшыл ретінде адамдарды ашықтыққа, айналамен қарым-қатынас жасауда шынайы болуға үгіттеді. «Сөйлегенде сөзің ұнамды, жүзің ашық болсын» идеясы бүгінгі таңда да өз өзектілігін жоймай келеді [6].
Бұған қоса Қазақстан ғылымы дамуында ұлы дала ойшылы, «Диуани-лұғат-ат-түрк» атты ертедегі түркі ескерткішінің авторы М.Қашқариді атап кеткен жөн. Еңбек 1804 жылы Венгр ғылым академиясында тұңғыш жарияланды. Сөздікті кезең энциклопедиясы деп санауға болады. «Түркі тілінің сөздігі» — Орта ғасырдағы Азия мен Қазақстан халықтары достастығы, əлеуметтік жəне мəдени өмірінің түрлі салалары туралы алғашқы деректер көзі [7].
Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихында ХІІ ғасырда өмір сүрген ақын, ойшылы А.Иүгінекидің өмірі мен қызметі үлкен маңызға ие. Ахмед Иүгінеки өз уақытында адамдық идеясын көрсете алады. Бейбітшілік пен келісімнің, жас ұрпақ тəрбиесінде өзінің ақыл-ойымен дараланды.
«Адамның жүрегін қайырымды істеріңмен жаулап алу үшін өмір сүр» қанатты сөзі бүгінде де өскелең ұрпақ тəрбиесінде зор маңызға ие [4; 78].
Өзінің «Ақиқат сыйы» атты тəлімдік поэмасында сол кездегі адамның моральдық-этикалық ерекшелігін атап қана қоймай, пайдалы кеңестер береді. Өскелең ұрпақты тəрбиелеу мен адамның мінез-құлқын басқару, жағымсыз жақтарын өзгертуде адамның сабырлы болуы қажеттігін, ізгі істер атқаруы тиіс екенін жеткізеді. «Қайғы-азап өтеді, сабырлы бол, бақыттың келуін күт» деп тұжырымдады [4; 81].
Сопылық поэзия өкілі, ақын, ХІІ ғасырларда өмір сүрген А.Ясауидің де өмірі мен қызметінің маңызы зор болды. Өзінің «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») атты трактатында адамгершілік тұрғыда жетілу жолдарын нұсқап, достықта сабырлы болуға, жан тазалығына шақырды.
«Барлығымен достық қатынаста бол, олар үшін өзінің таза жаныңды құрбан ет» деді [8].
Айтылғандармен қатар, осы кезең ескерткіші, мол мұрасы деп ХІV ғасырда өмір сүрген С.Сараи өмірі мен шығармашылығын атауға болады. Ақын-лирик, жазушы-аудармашы этика-педагогикалық мазмұнды насихаттауда үлкен орын алды. Оның поэмалары қызықты қанатты сөздерге толы болды.
«Егер бірлесе əрекет етсе, құмырсқа да арыстан терісін сыпыра алады» секілді нақыл сөздерінің дидактикалық мазмұны өте терең, əрі көп идеялы болды. 1391 жылы 70 жастағы Сараи парсы ақыны Сағдидың «Гүлистан» деген поэмасын түркі тіліне аударды. Бұл шығарманы аудару барысында да адалдық, шынайылылық, жомарттықты терең сөз етті. «Егер ұлылық күтсең, жомарт бол, жомарт бол, сонда ғана қайырымдылық пен мейірімділік, еңбек пен парасаттылық биігіне көтеріле аласың», — деп тұжырымдады.
Асан Қайғы — жырау, халықтық дəстүрмен өмір мəні, қайырымдылық пен зұлымдық, жақсы жəне жаман адам туралы толғанады. Өз халқын бейбіт, ортақ келісімге, адал, қайырымды, ақылды, парасатты болуға шақырады. Асан Қайғы есімі тек Қазақстанға ғана емес, қырғыз, қарақалпақ жəне т.б. белгілі болған. Жерұйықты іздеп жүріп, Асан Қайғы əр жердің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты көптеген сөздер жазып қалдырған.
Өмірдегі өзара үйлесу жолы — барлық жанды затқа махаббат пен рақымдылық жасау. «Барлық жаны барға аяушылық танытып, оны бағалау жəне сыйлап, құрметтеу қажет». «Біз жақсы, мейірімді сөздерімізді айтып үлгере алмасақ — бұл бақытсыздық» деген тұжырымдары біз қарастырып отырған мəселеде зор маңызға ие.
Өмірді тану мен тұтас сезінуде дербес қасиетке ие жырау өмір мəні деп барлық жалпы игілікке жету, өмірдегі келісім мен үйлесімділікті ұғынып, түсіндіреді. «Бірақ халықтың аты халық. Егер түнерсе, ашу-ызалы екені түсінікті, ал, оны күштеу ашу-ызасын оятып, өзін де көтерілуге итермелейді», — дейді.
Орта ғасырда Қазақстанның жалпы қоғамдық ойы тарихындағы жарқын да беделді өкілдің бірі — Шалкиіз жырау. Адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас туралы қызықты ой-толғамдарын жеткізеді. «Сен өз адамыңды қорлама, егер қорласаң, олардан қолдау таппайсын» деген толғаулары арқылы терең тəлімдік мазмұнға толы [4; 116].
Қазақтың сұлтаны Ораз Мұхамедтің кеңесшісі Қ.Жалаири 1570–1605 жылдары өмір сүріп,«Жамағат тауарих» («Шежірелер тарихы») атты тарихи шығарма жазды. Шығарманы орыс монархы Иван Грозныйға арнады. Білім — баға жетпес қазына, өмірдегі бар жақсылық білімде. «Кімде-кім білімді меңгере алса, көңілді болса, сол бай болады» деген ой мазмұндалды [4; 120].
Бұдан ары Қадырғали Жалаири тек бірлік пен адамдардың арасындағы келісім ғана қоғамда маңызға ие бола алады екен. «Ешкім де ажалсыз емес, бір өзеннің суын жалғыз іше алмайды», «Кім көп нəрсені меңгеріп, тани алса, сол өзіне жағдай жасай алады немесе оны табыстар күтеді», ол жамандықтан арылып, игілікке жете алады» деп тұжырымдады [4; 131].
Біз атаған ғалымдар тұжырымдары тарихтың өтпелі сəттері тек жаңа дарындарды туғызып қоймайды, шынайылықты жаңаша сезінуге жағдай жасайды дегенді қорытады. Осы орайда ұлттың педагогикалық мұратына ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Бұқар жырау да əсер етпей қалмады. Оның көреген көзқарасы көшпелі қазақтардың тұрмысын жаңаша тануға жол ашты. Педагогикалық көзқарас тұрғысынан Бұқар жыраудың «Тілек», «Толғау» шығармалары зор мазмұнға ие жəне ұлы даланың жаңа адамдардың қалыптастыру идеясын көтерді.
Жырау кең өмір ағынында бірден екі жағаны көреді немесе философиялық тұрғыдан алғанда, адамдық тұрмыстың екі жағы — кейін оралу жəне болашаққа бару. Ол ХVІІІ ғасырда қазақ даласындағы маңызды қоғамдық-саяси жағдайдың куəгері, Абылайдың ақылшысы болды. Бұқар жырау қазақтардың амандығы үшін, үш жүздің бірлігін сақтау үшін Ресеймен достық байланыста болуды қажет деп санап: «Достықпен көшіп-қонайық, өзара бірігейік», — деп санады [4; 142].
Мəселені мəдени-тарихи талдау Қазақстанда ағартушылық ойдың ерекше рөлі атқарғандығын көрсетеді. Ағартушылық ой — этникалық өзін-өзі танудың қалыптасу үдерісінде негізгі мəдени құндылықтарының бірі. Ағартушылық əлем бейнесін ашуға күшті əсер етті, айналадағы шындық туралы көзқарастың жеке жүйесі тұлғаға өзін табиғи, тұрмыстық ортамен етене ұқсауға көмектесті. Ағартушылық əрекеттің түрлі форма əсерімен жəне сезімдік айқын қарым-қатынастары арқылы адамдар талантты ақын-жыраулардың, тіпті көшпенді ғұмырда да жазу-сызусыз ауызша түрде ұлы ойшылдық əрекеттен нəр алды жəне танымдық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін сақтап қалды. Анағұрлым кейінірек Шоқан Уəлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шəкəрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді ағартушылар ақын-жыраулардың еңбектерін айқындап, басқа халықтардың мəдениетіне жақындастыру үшін алғышарттар құрудағы рөлін атап өтті [9–15].
Шоқан Уəлиханов алғашқы қазақ зиялысыларының бірі болды. Ол көшпелі өмір жағдайында қолданылған ағартушылықтың философиялық жəне əлеуметтік-педагогикалық ұстанымдарын негіздеді. Жалпыадамдық пен ұлттық құндылықтар ерекше үйлесімді негізделетін ізгілікті ағартушылықтың жақтаушысы болды. Ағартушылық жариялылықтың ұстанымдарына белсенді көңіл бөле отырып, ол өзінің «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар», «Қытай империясының батыс өлкесі жəне Құлжа қаласы», «Сот реформалары туралы жазбалар» еңбегінде, Ф.М.Достоевскийге жəне А.Н.Майковке жазған хаттарында тек туған халқының тағдырына ғана емес, барлық адамзаттың тағдыры үшін алаңдап, өз ойын айтады. Шоқан Уəлиханов адам мен азаматты табиғаттың даму нəтижесі деп қарастырып, табиғат дамуы заңды құбылыс екендігі секілді қоғамдық өмір дамуы да тікелей табиғат заңдылықтарымен байланысты болады деп қорытады. Ұлы сахарада мұсылманшылықтың таралуы туралы айта келіп, мəдениеттер арасындағы байланыстар үдерісімен тікелей байланысты қызықты педагогикалық бастамалар көтереді.
«Жалпы алғанда, — деп жазады ол, — қырғыз халқының алдында еуропалық өркениетке жетудің құрбандықты болашағы күтіп тұр». Шоқан Уəлиханов өз бойында шын мəнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мəдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді жəне қысқа ғұмырында жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды. Бұдан ары «Сот реформасы жазбаларында» ол: «Біз еуропалық, жалпыодақтық ағартушылықты меңгердік деп ойлаймыз жəне кедергілерге толы энергиялық күрестер барлық даму мен мəдениетке қабілетті халықтар үшін ақырғы мақсатты құруы тиіс. Анығын айтқанда, қырғыз халқы анағұрлым бейбітшілікті сүйетін, халықтар қатарына жатады жəне орыс патшасының аздаған жабайы ұлттарының біріне саналады [9; 77].
Ағартушы-ұстаз, ғалым Шоқан Уəлихановтың (1835–1865) бай рухани мұрасы психологиялық- педагогикалық мазмұнға толы. Халықтық ерекшеліктердің көрінуін ғалым көп жоспарлы аспектіде түсіндіреді. Өз шығармаларында ол халықтың жəне басқа да ұлттардың тұрмыс, салт-дəстүрлерін, əдет-ғұрыптары мен мəдениетін жан-жақты талдайды. Оның ойынша, ағартушылық сарын арқылы қазақтар дами түседі: «Халық дамуы мен қалыпты өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек. Бұл үшін оқу қажет», — деп түйеді …» («Даладағы мұсылманшылық туралы») [9].
Шоқан Уəлихановтан кейінгі көрнекті ағартушы, педагог-ұстаз Ыбырай Алтынсариннің еңбегі ұшан-теңіз. Ол қазақ халқы үшін мектептік білім беру жүйесін əзірлеп, ұлттық мəдени даму үшін ағартушылық мекеменің рөліне ерекше мəн берді. Біз оның педагогикалық қызметінен жалпы білімдік ілімдерді таратуға ұмтылып, қазақ халқына орыс мəдениетін жақындатуда үлес қосқанын ерекше атап өткіміз келеді. Оның атақты «Қырғыз хрестоматиясы» орыс əліпбиі негізінде құрастырылып, балаларға түсінікті тілде жазылды. Ауыз əдебиеті материалдары мен орыстың белгілі ағартушылары мен жазушыларының мəтіндерін аударып, тиімді қолданды. Сонымен қатар орыс жазушыларының мысалдары мен өлеңдерін аударды. «Асан мен Үсен» əңгімесі татар, орыс, башқұрт тіліне аударылды.
Ыбырай Алтынсарин қазақтың орта ғасырда шыққан алғашқыларының бірі болып, əдістемелік жəне дидактикалық аспектіде көп көңіл бөлді. Ол халықты достық қарым-қатынасқа шақырды. Сонымен қатар екі халық арасындағы ұқсастықты айқындады. «Қырғыздардан жақын əрекет еткен барлық орыстар қырғыз халқының орыстармен ұқсас екенін айғақтаған жəне қырғыздар мен орыс тұрғындарының арасында шынайы достық қатынастар аз емес болған. Осылай табиғи жақындасуы олардың құрылымындағы адамдық ұқсастықтың нəтижесі болса керек [10; 86]. Ыбырай Алтынсарин екі халық арасындағы ұқсастықты айқындай отырып: «Орыс жəне қазақ халқы тұрмысы, саулығы, тəжірибелік ақылы, діни жəне ұлттық ойлауы мен ізгі жүрегі мен сенімділігі жағынан ерекшеленеді», — деп тұжырымдайды [10; 92].
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан еуропа мəдениетін игере бастады, көшпенді халық педагогикалық ойларға ден қоя бастады, Ұлы даланың болашақ адамдарының үлгісі қалыптаса бастады. Діни сеніммен білімге өткен күрделі жауапкершілік кезең басталды. Абай Құнанбаев (1845– 1904) өмір сүрген заманда жаңа педагогикалық мұраттың қалыптасуы басталды. Абай философиялық идеяларын зерттеуші Ғ.Есімнің айтуынша: «Абай қазақ халқының мəдениетін таратуда ерекше орын алды. Ол өзіне дейінгі рухани мұраны жинап, ұлттық мəдениетте жаңа бағыт қалдырды» [16].
Бұл тек қана қарапайым мұсылман қазақ емес, сонымен бірге еуропалық ағартушы, білімді өте белсенді меңгерген, өзіндік тағдыр сыйын иеленген адам болды. Ол уақытта тек білімді игеріп қана қоймай, шынайы өмірде көп мəдениетті қалыппен жүзеге асыру аса маңызды болды. Ол жалпыадамзаттық құндылықтарды өз халқының игілігіне жаратудың үлгісін көрсетті. «Адамдар басқа халықтың тілі мен мəдениетін меңгеру арқылы ұятқа қалмай жəне олармен терезесі тең адам болды». Абайдың бұл сөздері бүгінгі таңдағы тəуелсіз Қазақстанда мəдениетті тұлға тəрбиелеудің əдіснамалық алғышарттарына айналуда.
Шығыс халықтарының тілі мен əдебиетімен бала жасынан сусындаған Абай орыс тілін тек өскеннен кейін ғана меңгере бастады. Орыс тілінің көмегімен ол тек орыс мəдениетін ғана емес, батыс еуропалық мəдениетті де игерді. Ойшыл Абай А.Пушкин, М.Лермонтов, И.Крылов жəне əлем əдебиетінің басқа да классикалық шығармаларын қазақ тіліне əдемі аударды.
Ойымызды қорытар болсақ, Абай — көрнекті философ жəне ағартушы, оның көзқарастары бүгінгі педагогикалық қажеттіліктерге жауап береді жəне адамдарды жаңарту жолдарын іздестіреді, халықтың руханилылығын көтеруге, оны жетілдіруге мол үлес қосатыны даусыз. Қазақ философиялық-педагогикалық ой тармақтарында ол сенімді түрде мəдени қатынастың жəне басқа халықтың əріптестік қарым-қатынаста болуы өте қажет екенін айтып, оларды достыққа шақырады. Ол өзінің «Қара сөздерінде» қазақтың əлеуметтік-мəдени дамуы деңгейіне талдау жасап, өз кезінің өркениет дəрежесін қабылдау мүмкіндігін жан-жақты көрсетеді. Сонымен қатар Абай өзбек, орыс, татар халықтарының тұрмыс-тіршілігіне салыстырмалы талдау жасады. Осы айтылған Абайдың ізгілік жайлы ойлары əл-Фарабидің философиялық жəне педагогикалық көзқарастарымен ұштасып жатқанын айту керек. Əл-Фараби өз кезінде өскелең ұрпақ үшін білім мен тəрбие егіз ұштасуы қажет екенін айтқан болатын. «Тəрбиеміз берген білім — адамзаттың қас жауы», — деген де əл-Фараби еді.
Осы орайда əр кезеңде өмір сүрген ойшылдардың тұжырымдары мен пікірлері адамның тұтас тұлға ретінде қалыптасқан түрліше қырларының жүйелік негізделуіне үлес қосты. Осындай ойшылдардың табиғат пен адам психологиясының бағыттары, сана бірлігі мен əрекеті жайлы терең философиялық ойлары Қазақстанның ұлттық мектептерінде оқыту мен тəрбиелеу мазмұны мен мақсатын анықтауда белгілі бір əдіснамалық қызмет атқарды.
Толығырақ: https://articlekz.com/kk/article/15912