0 дауыс
3.3k көрілді
ЖЭС жане онын казакстандагы иске асырылуы барысы (1921-1928) 30 сурак керек

1 жауап

0 дауыс

Жаңа экономикалық саясат. Ол не?

ХХ ғасырдың 20-ншы жылдарындағы кеңестер Одағында Азамат соғысынан қираған ел экономикасын тұрғызу, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1918-20 жылдарындағы Азамат соғысы елді әбден тұралатып, экономикалық жағдайды бірнеше жылға кері шегерді. Өндіріс орындары тоқтап, мұнай, көмір, мыс өндіру бірнеше есеге азайды. Ауыл шаруашылығы қатты дағдарысқа ұшырады. Егістік жерлер көлемі қысқарды. Әлбетте мал шаруашылығы да құлдырай бастады. 1921 жылы ҚазАКСР-нің жеті губерниясының бесеуі құрғақшылыққа ұшырады. Бұл аймақтардағы астықтың түсімі азайып, жергілікті халық зардап шекті. Әрі ауа-райының қолайсыздығы ауыл шаруашылығын бұдан да қиын жағдайға түсірді. 1920-1921 жылдардағы жұттан мал басы 75 пайызға кеміді.

1921 жылдың көктемінде коммунистік партияның Х съезінде «әскери коммунизм» саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясатқа көшу арқылы қираған халық шуарашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты шет елден капитал тартылып, ақша реформасы жүргізілді. Азық-түлік салығы енгізілді. Осындай солақай саясаттың кесірінен республиканы аштық жайлады. Артық өнімдер ғана емес, азыққа қолданылып отырған астық және тұқым қоры да тәркіленіп отырды. Астық салығы, мал шаруашылығымен ғана айналысып отырған аудандарға да салынды. Оны төлеу үшін олар малдарын сатып, астық сатып алуға мәжбүр болды. Жер-жерлерде жүз мыңдаған халық аштықтан қырылып жатты. Кейбір аудандарда халықтың 75 пайызы қырылып қалған. Тіпті Әулиеата уезінде халықтың қырылғандығы соншалық, бірнеше болысты біріктіріп бір болыс ұйымдастыруға дейін барған. Жалпы тарихи зерттеушілер 2 млн 300 мыңнан аса адам аштыққа душар болса, 1 млн-ға жуық адам аштық пен аурудан өлді деген мәліметтерді келтіреді.

Мұндай сорақылықты көріп, қарсы шыққан Тұрар Рұсқұлов болды. Ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін арнайы ұйым құруды мақсат қояды. Осылайша аштықпен күресетін ерекше Орталық комиссия ұйымдастырылады. Оның төрағасы болып Тұрар Рұсқылов тағайындалады. Ұйым алғаш жұмысқа кіріскен бетте көптеген қиындықтармен қатар, өзі тектес азық түлік ісіне қатысы бар ұйымдардың аяқтан шалу әрекетіне тап болады.

Қазақ Орталық Атқару Комитеті (ҚОАК) де аштыққа ұшыраған аудандарға өз тарапынан көмек көрсету шараларын ұйымдастырды. ҚОАК-ті жанынан аштыққа ұшырағандарға көмек көрсету үшін комиссия құрылады. Республикалық комиссияны ҚОАК-нің төрағасы Мендешев басқарды. Қазақстандағы ауыр жағдайды ескере отырып, КазАКСР ОАК-і ашыққандарға көмек беруші Орталық Комиссияның шешіміне сәйкес, бұл аудандардың тұрғындарын астық, картоп т.б. мемлекеттік салықтардан босатты.

Қазақ даласын шарпыған аштықты Кеңес үкіметінің басшылығы мойындамады. Республика басшылары бұл кездейсоқ, тұтқиылдан пайда болған зобалаң деген баға берді. Орталық Үкімет даланы жайлаған аштық мәселесіне бас қатырып та жатпады. Олар өздерінің жүргізіп отырған саясатын толығымен дұрыс деп есептеді. Жер жерлерде қарулы көтерілістерге шыға бастады. Бірақ Қазақстандағы көтерілістердің ұйымдасуы мен қару-жарақпен қамтамсыз етілмеу салдарынан Қызыл Армия күшімен олар талқандалып отырды.

Алайда большевиктер өздерінің биліктен айрылып қалу қаупін сезініп, 1921 жылы 8 наурызда өткен Партияның Х съезінде экономикалық саясатты өзгертуге мәжбүр болады. Осы съезд шеңберінде жаңа экономикалық саясатқа көшу шешімі қабыладанады.

Қабылданған жаңа экономикалық саясаттың мәні неде?

Кеңес үкіметі мемлекеттің қолында ірі өндіріс орындарын, банкті қалдырып, жеке капиталды өндіріске ендіруге рұқсат берді. Мемлекеттік жерлер, кішігірім мемлекеттік кәсіпорындар белгілі мерізімге жеке шетел ұйымдары мен тұлғаларға жалға беріледі. Жеке саудаға рұқсат берілді, мемлекеттік және кооперативтік сауда да дамуы тиіс болды. Жеке ауыл шаруашылық қожалықтарына, жеке меншіктегі кішігірім кәсіпорын иелеріне жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді. Елдегі ақша жүйесін нығайту, тегін қызмет көрсетуді жою, еңбекке ақшалай жалақы төлеу міндеттелді. Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған міндеттердің ішіндегі ең маңыздысы – азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім болды.

Азық-түлік салғырты деген не?

Азық-түлік салғырты кезінде шаруа қожалықтары өндірілген өнімнің өзін қамтамасыз етуге қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға міндетті еді. Азық-түлік салығының ендірілуі, яғни белгіленген мөлшердегі ғана салықты өтеуге байланысты, олар өндірілген өнімнің артығын өз еркімен пайдалану құқығына ие болды. Бұл ендірілген салық жүйесіндегі өзгеріс өндіруші шаруа қожалықтарына өте қолайлы болды. Себебі, олар өндірілген өнімнің белгілі мөлшерін ғана мемлекетке тапсырып, қалған өнімді сатуға немесе өзінің басқа қажеттерін өтеуге мүмкіндік алды. Осыған байланысты енді шаруа қожалықтары егістік көлемін ұлғайтуға, сөйтіп өнімді көп өндіруге, яғни еңбек өнімділігін арттыруға ынталы болды.

Сөз жүзінде Жаңа экономикалық саясат енгізілгенмен Кеңес үкіметі іс жүзінде баяғы қарқынмен экономиканы бақылауды тоқтатпады. Мұндай жағдай халықтың жаңадан ендірілген шаруашылық саясатына деген сенімсіздігін тудырды.

Біртіндеп азық-түлік салығы кеңінен ене бастады. Жекелеген қазақ шаруашылықтарына 3-5 жылдық мерізімге шақталған несиелер берілді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алуға негізделген несиелер де белгіленді. Осының бәрі ұсақ товар өндірушінің материалдық құштарлығын арттырды, оның өз шаруашылығындағы қорларына иелік ету еркіндігін күшейтті. 1924 жылы салықты тек ақшалай түрде өтеуге көшті. Сол жылы кеңес үкіметі ақша реформасын жүргізіп сомды енгізді. Қазақстанда жәрмеңкелік сауда кең етек жайды. Өркендей бастаған жәрмеңкелік сауда ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етті. Жаңа экономикалық саясат аясында Республиканың халық шаруашылығында болған өзгерістер экономикалық дамуға әкеліп, елдің шаруашылық жүйесі біртіндеп нарықтық экономика қатынасына енді. Меншіктің әр түрлі түрлерінің қалыптасуы, олардың арасындағы бәсекелестік халық шаруашылығын алға дамуына әкелді. Мемлекет ауылшаруашылық товарларын сатып алу бағасын өзі белгіледі және ол өте төмен болды. Мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған мұндай саясат ұсақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер тарапынан қарсылық тудырды. Олар өндірген өнімдерін төменгі бағамен сатудан бас тартты. Алайда бұл қарсылықты мемлекет өзі жүргізіп отырған саясаттың кемшілігінен деп есептемеді. Керісінше ол қарсылықты тап жауларының іс-әрекеті деп бағалады. Мемлекет тарапынан жеке шаруа қожалықтарына қарсы бақылауды күшейтті. Ұсақ тауар өндірушілерді әкімшілік жолмен бақылау мен ығыстыру саясаты сауданы шектеуге, яғни ЖЭС-тің шектелуіне әкелді.

Дұрыс жоспарланбаған саясат дағдарысқа ұшырай бастады. Партия және кеңес органдары кооперацияны басқаруда әкімшілік әдіске жиі сүйенді. Алайда экономиканы мемлекеттің тарапынан жоспарлы түрде дамыту мен әкімшілік басқару әдістері нарықтық қатынаспен сәйкес болмады. Соған қарамастан таптық идеологияны ту еткен Кеңес үкіметі экономиканы жоспарлы түрде дамыту идеясына сүйеніп, 1925 жылдың аяғында өнеркәсіп өндірісін халық шаруашылығының жетекші саласы етіп белгіледі және оның жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз етті. Бұл 20-жылдардың аяғында ұсақ товар өндірушілерге қарсы күресті күшейтті. Соның нәтижесінде нарықтық қатынас тоқырады, яғни жаңа экономикалық саясат тоқтатылды.

Толығырақ: https://world-nan.kz/kz/blogs/perekhod-k-nepu-20200928125219

...