Екібастұз көмір алабы – дүние жүзіндегі аса ірі көмір кендерінің бірі. Алғашқы барлау жұмыстары 1896 жылы жүргізіліп, көмір шахталардан өндіріле бастады. Көмір алабында Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді. Алаптың жалпы көмір қоры 11,3 миллиард тоннаны құрайды. Жылына 87 миллион тонна көмір өндіріледі. Өндірілген көмірді Қазақстан, Ресей және басқа көршілес мемлекеттердің ірі энергетикалық орталықтары пайдаланады.
.Өзіндік құны ең арзан көмір ол бізде Екібастұз кен орны.
Қазақстанда ашылған тұңғыш көмір кен орны. Көмір қоры 1833 жылы табылған, 1855 жылы өндіріс іске қосылды. Қарағанды көмір бассейні ТМД-да ірі кеніш саналады. Қоры жағынан Кузбасс мен Донбастан кейін үшінші орында. Мұндағы көмірдің бәрі – кокс көмір. Әлемдегі сапалы көмірлердің бірі.
Кен орындары – Қарағанды, Саран, Шахты және Абай. Көмір бассейнінің жалпы ауданы – 3600 шаршы шақырым. Тереңдігі 600 метрге дейін. Кей жері 800-900 метрге жетеді.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/63282/