Сұрақ - жауап:
1) Шалкиіз Тіленшіұлы қайда дүниеге келген?
Шалкиіз Тіленшіұлы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келген.
2) Жігіттік кезі қайда өтеді?
Жігіттік кезі Ноғай ордасы - Мұса бидің маңайында өтеді.
3) Шалкиіз толғаулары немен ерекшеленеді?
Шалкиіз толғаулары өткір, аз сөзбен нақты, терең айтумен ерекшеленеді.
4) Шалкиіз шығармаларында не кеңірек талданады?
Ұлттық діл, иман, этикалық түсініктер Шалкиіз шығармаларында кеңірек талданады.
5) Қай толғауларында ерлік рухы, елдің еңсесін көтеретін асқақ сезімдер жырланады?
«Асқар, асқар, асқар тау», «Ор, ор қоян, ор қоян», сынды толғауларында ерлік рухы, елдің еңсесін көтеретін асқақ сезімдер жырланады.
6) Қайсы толғаулар негізінен шариғат жолындағы уағыз болып саналады?
«Алаштан байтақ озбаса», «Жапырағы жасыл жау терек», «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді қажы сапарынан тоқтауға айтқаны» атты толғаулар негізінен шариғат жолындағы уағыз болып саналады.
7) Шалкиіздің бізге жеткен жырлары ненің үлгісі?
Шалкиіздің бізге жеткен жырлары азаматтық, әлеуметтік лириканың үлгісі.
8) Мұсылманша білімі бар Шалкиіз жас кезінен елге қалай танылған?
Мұсылманша білімі бар Шалкиіз жас кезінен ер жүрек жауынгер, асыл сөз иесі, ақын ретінде танылып, аты ел ішіне кең таралған.
9) Ақын тұлғасы нені жырлайды?
Ақын тұлғасы батырға тән мерттік мінезбен қатар, заман тәлкегіне түсіп, неге болса да бел буып, бекінген жанның берік тәуекелін жырлайды.
10) Шалкиіз өз жырларында нені еске салады?
Шалкиіз өз жырларында тәкаппарлық пен менмендіктің өрісі тар, өмірі қысқа екенін де еске салады.