0 дауыс
678 көрілді
Кім көмек бере алады бар жогы 2-і айда құмар ойынга кіріп өмірімді құртып алдым я арласатын дос я туыс жок қалай шыксам қалай құтылсам болады айтыңыздаршы я күндіз күлкімнен түнде ұйқымнан айырылдым жұмыс дейтіндей басымда жұмыста жок жұмысты білем екі қолға бір күрек табылад бірақ қаншама қарыз кредиттен құтылуға шамам жетпиді көмек тесіңіздерші білем барлығы өз қателігімнен екенін осының кесірінен өтірік айтып әркімге шаршадым көмек тесіңдерші

2 жауап

0 дауыс

Құмар ойындарға шектен тыс тәуелді болу — адамның ауруға шалдыққанының белгісі. Ал одан емделу үшін астарында не жатқанын анықтау қажет. Әдетте ойыншы өзінің тәуелділігінің себебіне үңілуден бас тартады. Құмар ойындарға салыну маскүнемдік, есірткіге тәуелділік секілді адам ағзасына аса қауіпті болмаса да, жанын қатты жаралайды. Ал жан жарасы тән ауруына қарағанда жиырма есе қатты болады. Яғни оны емдеу үшін айтарлықтай көп уақыт пен күш-жігер қажет. Осылай дейді Орталық Азиядағы психоанализ институтының директоры Анна Құдиярова. 

Осы орайда, қазақстандық маман психоаналитикалық зерттеулер барысында анықталған құмар ойындарға тәуелділіктің ең жиі кездесетін тоғыз себебін атады. Сондай-ақ, олардың әрқайсысын түсіндіріп өтті.

"28 жастағы пациентім есірткіге тәуелді болды. Эмоционалдық тұрғыдан жетілмеген, тым әлсіз жігіт. Оның әлі күнге дейін әкесімен ашылып сөйлесуді армандап жүргенін анықтадық. Әкесінің жасы қазір алпысқа таяп қалған. Сонда әкесі 30 жыл бұрын баласының жанында болмай не істеп жүрді? Әрине, ол күнкөріс қамымен жүрді, бала-шағасын асырау үшін күн-түн демей жұмыс істеді. Мұндайда шүйіркелесіп сөйлесу деген қайдан болсын? Кейін әкесінің өз асқар тауынан ерте айырылғанын анықтадық. Ал өз әкесінен жан жылуын көрмеген адам бала-шағасын махаббатқа бөлей алмайды", — дейді психоаналитик Анна Құдиярова.

Жігіт небәрі 3 жасында әкесінің өзін аяусыз ұрып, мұрнын қанатқанын еске алған. Бүлдіршін үшін мұның өте ауыр соққы екені сөзсіз. Яғни ол бүгінгі таңда бейсаналы деңгейде есірткіге тәуелді болу арқылы әкесін жазалап жүр. Мұны барлық қарызын әкесінің жауып жүргеніне қарап түсінуге болады. Анна Құдиярованың айтуынша, бүгінгі таңда қазақ қоғамында есірткі, ішімдік және құмар ойындарға тәуелді адамдардың көп болуының бірден-бір себебі осы.

"Ата-анасына қатты ренжіген бала оларға ашық түрде қол жұмсай алмайды. Әсіресе, Шығыстағы отбасыларда. Есесіне олар ата-анасының орнына көшеде кетіп бара жатқан кез келген адамды ұрып жіберуі мүмкін", — дейді психоаналитик.

Бірінші себеп — бейсаналы мастурбация

Бір таяқтың екі ұшы болатыны секілді мастурбацияның да пайдалы және зиян тұсы бар. Әдетте балалар бұл ләззатты ойын арқылы алады. Ойын барысында балалар ерекше әсерге бөленіп, осылайша ересек шақтағы жыныстық қатынасқа дайындалады. Сондай-ақ, мастурбация жасөспірімдік шақта да әртүрлі теріс қадамға барудан сақтандырады. Ал жасы үлкендер жыныстық қатынас кезіндегі ләззатты казино, автомат, карта секілді ойындармен алмастырып жатса, бұл адамның эмоционалдық тұрғыдан жетілмегенінің белгісі. Бүгінгі таңда көптеген интернет клубтан ересек азаматтардың жас балаша ойын ойнап отырғанын көруге болады. Сондай-ақ, ләззатты дәл осы жолмен жиі алу да зиян. Ал адамның құмар ойындар арқылы бейсаналы мастурбация жасауының себебі әркімде әртүрлі болуы мүмкін.

Екінші себеп — қорғаныш механизмдерін алмастыру

Шетелдік психоаналитик Нэнси Мак-Вильямс өзінің "Психоаналитикалық диагностика" атты еңбегінде қорғаныш механизмдерін бірінші және екінші сатылы деп бөліп, әрқайсысына сипаттама береді. Алғашқысына 10, кейінгісіне 15 қорғаныш механизмі кіреді. Маманның айтуынша, бұл қорғаныш механизмдерінің қолданылуының екі негізгі себебі бар. Олар — адамның бейсаналы деңгейде ауыр қайғы, ұят, көреалмаушылық, кінә сынды сезімдерді сезінбеуге тырысуы; өзіне берер бағасын түсіріп алмауға ұмтылуы. Түсініктірек болуы үшін бірінші сатылы "Жоққа шығару" атты қорғаныш механизмін алайық. Мысалы, көптеген адам жақынының қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды естігенде "Жоқ-жоқ, олай болуы мүмкін емес. Мен сенбеймін. Бұл менің түсім" дегендей айтып, басын шайқайды. Яғни осы сәтте жан ауруын сезінбеу үшін шындықты жоққа шығарады. 

Енді екінші сатылы "Ысырып тастау" механизміне мысал келтірейік. Психоаналитик кабинетіне келген әйел отасқанына бірнеше жыл өткеніне қарамастан, төсектес болудан қорқып жүр делік. Көпке дейін мұның себебін өзі түсінбейді. Әкесімен де, ағасымен да, күйеуімен де қарым-қатынасы жақсы. Алайда ұзақ уақыт анализден кейін кішкентай кезінде көрші баланың тарапынан қорлық көргені белгілі болады. Осы жағдайды ол жадынан толықтай "өшіріп" тастаған. Яғни құмар ойындар да адамды өміріндегі ең қиын сәттердің бірін еске алудан сақтандыратын қорғаныш механизмі ретінде қолданылуы мүмкін. Әсіресе, күні-түні ойнайтын адамдар үшін. 

Үшінші себеп — жан жарасын ұмыту

Құмар ойындарға тәуелді адамдардың өміріне үңілетін болсақ, әйтеуір бір ауыр жарақат алғанына көз жеткізуге болады. Ол бірінші мысалдағыдай балалық шақта алған жарақат болуы да мүмкін. Бірақ, ол мысалда ер адам мұны әкесін жазалау үшін істеп отыр. Ал басқа жағдайларда бұл ауыр қайғысынан арылудың бір тәсілі іспеттес. 

Төртінші себеп — өлімнен қашып құтылу мүмкін еместігіне иланбау, болашақта маңызды бір нәрседен айырылып қалудан қорқу

Қорқыныш, шын мәнінде, біздің осы нәрсені қатты қалайтынымызды білдіреді. Яғни "Өлімнен қатты қорқамын" дейтін адамдардың бойында өлімге құштарлық басым. Сол секілді бірнәрсені жоғалтып алудан қорқатын адамдар да өздерінің бейсаналы қалауларын құмар ойындар арқылы жүзеге асырады. Күн сайын құмар ойындар ойнап, ұтылатын адамдар қыруар қаржысынан айырылады. Ал ақша адамның бойындағы күш-қуатының өлшемі. Көп ұзамай ақша кейпіндегі "күш-қуаты" таусылған ойыншының тәуелділіктің ауыр түріне салынып, ақырында өмірімен қош айтысатыны сөзсіз. Әрине, дер кезінде есін жиып, маманға емделмесе.

Бесінші себеп — мазохизм арқылы күнәдан арылуға тырысу

Психоанализде қолданылатын "мазохизм" термині жарақат пен қайғы-мұңды жақсы көруді білдірмейді. Мазохист әдетте өзін мақсатқа жету үшін ауыр жолмен жүріп өту керек деген оймен жазалайды. Бүгін көп жылап, қиналсам, ертең осының қайтарымына күлемін деп ойлайды. Мысалы, әйел өзін күн сайын соққыға жығатын күйеуімен айырылысқысы келмейді делік. Ол мұндайда өзін "Айырылысқан жағдайда бұдан да жаман нәрсе болуы мүмкін" деп ақтайды. Яғни адам құмар ойындардан бүгін жеңілсе, ертең міндетті түрде жеңіп, барлық материалдық қиындығымды шешемін деп ойлайды.

Алтыншы себеп — өзін-өзі қорлау

Мұндайда адамдар "Бүгін соңғы рет ойнаймын. Кейін мүлдем жоламаймын" деп өзіне уәде береді. Кейін бұл уәдесін ұмытып, тағы да ойнайды. Тіпті, ұмытпаған болса да, өзін ұстай алмай қиналады. Ал сөзінде тұрмаған адамды ешкімнің де жақтырмайтыны сөзсіз. Әсіресе, уәдені беруші де, қабылдаушы да адамның өзі болған кезде.

Жетінші себеп — депрессиядан арылуға тырысу

Адам депрессияға өзі үшін маңызды бірнәрсені немесе жақын жанды жоғалтқан кезде ұшырайды. Кей жағдайда ересек шақтағы депрессия адамның сәби күнінде емшектен ерте, беймезгіл уақытта шығуымен байланысты болады. Әсіресе, емшектен сегіз айлығында, осы сегіз айға жақын уақытта шығару сәби болашағы үшін зиян. Себебі, сәби 8 айлығынан бастап адамдарды алыс-жақын деп ажыратады. Ал жақын адамы керек кезде жанынан табылмаса, оның қандай күйде болатынын елестетіп көріңіз: мұң, мазасыздану, жылау және т.б. Оның үстіне бір жылдан кейін депрессия меланхолияға ұласып, арты суицидке дейін барады. Кейде адам осы депрессиядан арылу үшін құмар ойынға салынуы мүмкін. 

Осы тұста Шакрукх Хан психоаналитиктің рөлін сомдайтын "Қымбатты, өмір" фильмін мысалға келтіруге болады. Кайра есімді бойжеткенді ата-анасы бала күнінде туысқандарына қалдырып кетеді. Ол әке-шешесімен сөйлескен сайын өзін алып кетуді өтінеді. Бірақ олар оның бұл тілегін орындамайды. Кейін ересек шақта Кайра жігіттермен қарым-қатынас құра алмай қатты қиналады: қарым-қатынаста бақытты екеніне қарамастан, өзі жігіттерге бірінші болып айырылысуды ұсынады. Осының себебін түсінгісі келіп психоаналитик маманға барады.

Анализ барысында Кайраның әлі күнге дейін "Жақын адамы тастап кетеді" деп қорқатыны анықталады. Яғни осы кездегі сезімді қайта басынан өткермеу үшін өзі бірінші болып жігіттерді тастап кетеді. Сондай-ақ, ол әке-шешесінен ала алмаған өшті жігіттерден алады. Ең бастысы, психоаналитик маман оған көмек қолын созып, мұны түсінуге көмектеседі. 

Сегізінші себеп — өзін Құдайдай сезіну, яғни "Қолымнан келмейтін ешнәрсе жоқ" деген жалған ой

Кей адамдар казинода немесе карта, компьютер ойындарында міндетті түрде жеңіске жете аламын деген алдамшы ойдың жетегінде жүреді. Құдды кішкене бала секілді. Сәбилер алғашқы айларда "Кішкене жылаған едім, тамақ та келді, жылу да келді. Менің қолымнан бәрі келеді екен" деп ойлайды. Яғни мұны анам мен әкем және т.б. адамдар жасап жатыр деп ойламайды. Сәбидің бұлай ойлауы ақылға сияды. Ал ересек адамда бұл жауапкершіліктің жоқ екенін білдіреді. Жауапкершілігі жоқ адамдар барлық жағдайға айналасындағыларды айыптауға бейім келеді.

Тоғызыншы себеп — тағдырымның тізгінін қолға алдым деген жалған ой

Бір қарағанда дұрыс әрекет секілді болып көрінгенімен, мұның астарында өзін уысынан шығармай тәрбиелеген ата-анаға деген қарсылық жатыр. Ата-анасы тым қатал болып, көп тыйым салған болса, бала құмар ойынға салыну арқылы оларды жазалайды. Сондай-ақ, осылайша ол өмірінің тізгінін өз қолына алдым деп ойлайды.
Толығырақ: https://sputnik.kz/society/20190125/9014851/kumar-oiyndarga-taueldiliktin-9-sebebi.html

+1 дауыс
Жаңа ойлар ойлау үшін өзіңді сергітіп көңіліңді болашағыңа тез арада кредиттеріңнен құтылатындай жоспар жаса. Соған сеніп өзіңнің жарқын болашағыңды елестет! Сенің миың қазір тек сенің жаман жақтарыңа шоғырланып стресс күйінде тұрсың. Жұмыс бар, табылады. Тек қана миыңмен өзіңнің күшіңе  сен! Сен мықтысың ! Өзіңе күн сайын айна алдында қайталашы. Жарқын болашағыңды армандап қаржылай тәуелсіз күйіңді елестет. Шын мәнінде саған қол ұшын берер достарың, туыстарың бар, тек сен оларды көрмей тұрсың. Ойлан.
...