0 дауыс
1.3k көрілді
Мен 10 оқимын. Қандай пән таңдарымды білмей жүрмін кеңес беретін адам барма,қандай пән, қандай мамандық таңдаған тиімді ер балаға?

2 жауап

0 дауыс

Әлемнің көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқанына барлығымыз куәміз. Күні кеше ғана ата-аналарымыз жұмысшы, жүргізуші мен құрылысшы мамандықтарын көп сұранысқа ие деп білсе, бүгінде жоғары жалақы төленетін ІТ-маман, мерчендайзер, блогер, бета-тестер, модератор және басқа да SMM-шілер мамандықтары қызметінен бейхабар.

Балаңыз жақсы жұмыс тауып қана қоймай, мансапқа жетуі үшін қандай мамандық таңдағаны жөн? Мүлдем жоламауы тиіс мамандықтар қайсы? Бұл туралы Экспресс-К хабарлайды.

Инженер, математик, сәулетші, биолог, ІТ-маман, бизнесті дамыту және сатылым менеджерлері үшін, аталған мамандық бойынша білім алушылар үшін тамаша жаңалық бар. Олар үшін алтын кезең тумақ. Бұл мамандықтарға деген сұраныс алдағы жылы артады. Алайда кәсібилікке, қосымша машықтарға деген сұраныс та ұялғаймақ.

Ал өзге мамандықтар үшін ауыр уақыт басталады. Дүниежүзілік экономикалық форум мамандарының пікірінше, таяу жылдары мына мамандықтарға деген сұраныс төмендейді: құрылысышы, өндіріс жұмысшылары, кеңсе және әкімшілік қызметкерлері, тілшілер мен сәнгерлер. Бұл үдеріс басталып та кеткен және алдағы 15-20 жыл ішінде еңбек нарығында өзгерістер орын алады.

Құрылысшылар мен жұмысшыларды алмастыратын – 3D-принтерлер мен роботтар. БҰҰ баяндамасына сәйкес, дамушы елдердегі роботтандыру электротехника және автокөлік саласындағы қызметкерлердің үштен екі бөлігінің орнын баспақ. 3D-принтерлер құрылысышылардың 50%-ын жұмыссыз қалдырады.

Ал жүргізушілерді жақын күндерде автопилот алмастырады.

Кеңсе қызметкерлерінің орнына мәселелердің шешімін тауып, адамға қарағанда жұмысыг жылдам әрі тиімді атқаратын ақылды компьютерлік жүйелер келеді. Орақ тілді тілшілерден кем түспейтін роботтандырылған бағдарламалар пайда болуына байланысты тілшілердің де басым бөлігі жұмыс таба алмауы мүмкін.

Дәстүрлі графикалық дизайнерлерді де бағдарламалар алмастырады. Десе де бұл мамандық түбегейлі жоғалмайды, тек түрленеді. Жақын аралықта ақылды қалалар мен компьютерлік жүйе дизайнерлеріне деген сұраныс туындайды.

Дегенмен, мамандардың сөзінше, «қауіп тобынан» кез-келген мамандық орын алуы мүмкін. Роботтар мен компьютерлік бағдарламалар адвокаттар мен директорларды да оп-оңай алмастыра алады. Тәжірибе жүргізу мақсатында құралған құқықтық робот АҚШ-та жұмыс істеуде. Тәжірибені сәтті деуге де болады. Уақыт өте келе роботтар дамудың стратегиялық жоспарларын анағұрлым жақсырақ құрып, бүгінгі директорлар мен комапния президенттеріне қарағанда түрлі жағдайларға жылдам әрекет ету мүмкіндігіне ие.

Мамандар барлық мамандық өкілдерін еңсесін түсірмей, кәсібилік деңгейін арттыруға шақырады. Себебі жақсы мамандарға деген сұраныс – қашан да жоғары. Және мамандықтардың басым көбі жойылайды, керісінше жаңа деңгейге ауысады. Мысалы, өткен ғасырдың ортасында көптеген қыз телефоншы болып қызмет етсе, технология дамығаннан кейін бұл мамандық жоғалды. Алайда байланыс қызметі әлі де бар. Бүгінде телекоммуникациялық салалар әлем бойынша миллиондаған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуде.

Ал роботтандырылған өнеркәсіп мекемелері қайтадан адамдарды жұмысқа шақыруға мәжбүр. Роботтар өз қызметін жақсы атқарады. Бірақ олар –  жаңашыл ойлар, ішкі түйсік немесе «адам бейнесімен» әлдеқандай әрекет жасауға қабілетсіз. Тіпті көп жарнамаланатын автокөлік автопилотының өзіне адам көмегіне мұқтаж.

Десе де өз саласын таппай жүрген көптеген маманға қайта мамандануға тура келмек. Бірақ мұнда тұрған қорқынышты дәнеңе жоқ. Бүгінде Ғаламтор арқылы үйден шықпай-ақ көптеген мамандықты игеруге болады. Және бұл жолды таңдаған адамдар қатары толыға түсуде.

Жалпы алғанда, мамандар еңбек нарығын жіті бақылауға кеңес береді. Соңғы 10 жыл ішінде бірқатар жаңа мамандық пайда болды. Әсіресе, ол Ғаламтор саласына байланысты. Одан бөлек қолдан жасалған бұйымдар мен үй өнімдеріне деген сұраныс артып, тренд қалыптасты. Ол аздай, адамдардың крепто-валюталарды жинап немесе покемондарды аулап, компьютерлік ойындар арқылы ақша таба бастайтыны кімнің ойына кіріп-шыққан? Ал кім астероидтарды отарлаушы ретінде қызмет етуге дайын?

Не десек те, мамандардың ойынша, ертелі-кеш роботтар көптеген мамандықта адамдарды алмастырады. Сонда адамдардың басым көпшілігі өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды. Олар немен айналысады? Футурологтардың айтуынша, оқиды, кемелденеді, дамиды, сүйікті ісімен айналысып, жаңа мамандықтар ойлап табады. Үкіметке роботтарға салық салып, түскен қаржыдан азаматтарға шартсыз әлеуметтік табыс тағайындаудан басқа шара қалмайды. Жалпы айтқанда, «Электроник хикаялары» фильміндегі әнде айтылатындай: «Роботтар жұмыс істейді, бақытты адамдар».

0 дауыс
2024-2025 те Логист болу жақсы деп ойлаймын
...