0 дауыс
509 көрілді
Програмист кандай мамандык ол не ыстейды и кайда жумыс жасайды?

1 жауап

0 дауыс

Бағдарламашы – арнайы математикалық модельдеудің көмегімен компьютерлік бағдарламаларды және алгоритмдерді құрастыратын маман.

Бағдарламашыларды салаларға байланысты үшке бөліп қарауға болады. Қолданбалы бағдарламашылар көбіне ойындар, есептеу бағдарламалары, редакторлар мен мессенджерлерді қамтамасыз ететін бағдарламаларды жабдықтаумен айналысады. Олардың саласындағы жұмыстарға тағы да жүйелі видео және аудио бақылаулар орнату, от өшіру жүйелері мен сигнал беру жабдықтарын жатқызуға болады.

Жүйелік бағдарламашылар операциялық жүйелерді, желі платформаларын, интерфейс жабдықтарын, әр түрлі ақпарат орталықтарын жинақтайтын ғаламтор беттерін жасаумен айналысады. Бұл саланың маманын жоғары төлемақыға ие бола алатындар қатарына жатқызамыз. Сонымен қатар, олар бағдарламалық қамту жүйелерін (сервис), есептеуді қаматамасыз ететін блоктарды (процессор, коммуникациялық және перефириялық құрылғылар) да жасайды.

Web-бағдарламашылар да желімен жұмыс жасайды. Дегенмен, олардың негізгі міндетіне ғаламтормен жұмыс істеу кіреді. Олар сайттардың бағдарламалармен қамтылуын, динамикалық веб-беттерді және дерекқормен жұмыс жасайтын web-интерфейстерді жасаумен айналысады.

Мамандықтың ерекшеліктері

Бағдарламашы ғылыми-техникалық және өндірістік есептерді математикалық модельдерді талдау мен алгоритмдік шешімдер арқылы есептеу жұмыстарын атқаратын бағдарламаларды құрастырады. Сондай-ақ, олар автоматты, типтік және стандартты бағдарламаларды және сыртқы алгоритмдік тілдерді жасақтаумен жұмыс істейді.

Мамандықтың оң және теріс жақтары

Оң жақтары:

Жоғары төлемақы;

Мамандықтар арасындағы сұраныс  ең көп болатын мамандықтың иесі болу;

Кейде жоғары білім болмай-ақ жұмысқа тұру мүмкіндігі;

Тәжірибені ешбір жұмыс орталығында істемей-ақ алуға болатын мүмкіндіктің болуы;

Теріс жақтары:

Дәріс беру кезінде қатып қалған заңдылықты (консерватизмді) қайталай беру (бағдарламашыға түсінікті болған алгоритмнің студентке түсініксіз бола беруі мүмкін);

Маман көпке ұнай бермейтін, өз мінезіне сай техникалық қолтаңба қалдыратын болады;

Біркелкі математикалық алгоритмдермен жұмыс істей бергеннің арқасында күйзеліске ұшырауы;

Жұмыс орны

IT-компаниялар мен Web-студияларда;

Ғылыми-зерттеу орталықтарында;

Жеке бағдарламашыны қажет ететін компанияларда;

Маңызды қасиеттері

Бағдарламашы өте жылдам дамып жатқан технологияларға бейімделе білуі қажет. Сол себептен, өзін-өзі оқыту ең басты касиеттерінің бірі болуы тиіс. Әйтпесе, бірнеше жылдың көлемінде маманның маңызы кетіп, жұмыстан шығып кетуі мүмкін.

Техникалық құжаттарды оқи алатын дәрежеде ағылшын тілін білу де ең маңызды талаптардың бірі. Аталған маман иелері топпен жұмыс істей алуы керек. Үлкен жобаларда біріге, жұмыла жұмыс жасай алатын мінездің болғаны да артықтық етпейді.

Қайда оқуға болады?

Халықаралық IT Университеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Сүлейман Димерел атындағы университеті
ҚМЭжБИ
ҚБТУ
Алматы Энергетика және Байланыс Университеті
Алматы Технологиялық Университеті
Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
 

Әйгілі бағдарламашылар:

Кнут Дональд Эрвин
Мацумото Юкихиро
Таненбаум Эндрю
Рэймонд Эрик Стивен
Фаулер Мартин
Хоппер Грейс
Столлман Ричард Мэттью
Кей Алан
Мейер Сид
Страуструп Бьёрн


Қызықты фактілер

- Бағдарламалаудың қай кезде және қалай мамандық ретінде қалыптасқанын нақты айту қиын.

- Тұңғыш есептеу құрылғысы болған аналитикалық машинаны компьютер атасы Чарлз Бэббидж жасап шығарған.

- Ең алғашқы есептеу компьютеріне (1941 жылы) арналған Планкалкюль бағдарламалау тілін неміс инженері Конрад Цузе құрастырады.

- Алғашқы кәсіби деңгейде жұмыс істей алатын бағдарламаларды жасаған бағдарламашылардың есімдері белгісіз. Олардың есімдерінің тарихта қалмауының себебі, ол кезде бағдарламалау екінші сатылы жұмыс болған.

Бағдарламашыларға арналған Мерфи заңы:

Қайта бағдарламаланған жоспар секілді ешнәрсе жұмыс істей алмайды;
Ешқандай бағдарлама өз міндетін толық атқара алмайды;
Жақсы бағдарламашы есепті неге орындау мүмкін емес екенін түсіндіре алуы қажет;
Есепті шешуге оның дұрыс не бұрысын анықтауға кететін уақытқа қарағанда үш есе аз уақыт кетеді;
Жобаны аяқтау мерзімі – жобаны аяқтауға шамаланған уақыт мөлшері және тағы алты ай;
Бағдарламашы өз бағдарламасының осал жерін біле тұра жөндемейді. Себебі, оның ойынша қолданушы ол жерге дейін жете алмайды;
Нағыз бағдарламашы Windows-та жұмыс жасағанды жақсы көреді. Егер жұмыс қате орындалатын болса, бар жаңылысты Microsoft-қа төңкере салуға болады;
Ашуланған кезде барлығы жүйелік блокты емес, монитордың бетін соғады;
Нағыз бағдарламашы тамақтың қалдықтарына толы пернетақтасын үш рет ауыстырып үлгерген болады;
Кодировканы икемдеу кезінде ділгірліктерге тап бола беретіндер – неандертальдар;
HTML, HTTP, FTP, SMTP, TCP/IP, RTFM және т.б. – аббревиатуралар емес, сөздер;
«Тышқан» сөзі негізсіз қолданылады;
Егер сенің бағдарламаң белгісіз бір нәрселерді көрсетіп жатса, сен бір жерінен қателескен боласың;
Барлық проблемалардың шешімі ғаламтор беттерінде бар. Тек дұрыс іздей білу керек;
Егер сен алдыңғы алгоритмді түсінбеген болсаң, сен бағдарламашысың;

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/20297/

...