Менің ойымша
1) Кім не жайлы көп айтады , соны көбейтеді, жаман жағын көп айтсаңыз, оның бетіне айтпасаңыз да сол жаман қасиеттері көбейгенін байқайсыз. Себебі, сіз жамандаған сайын оның нашар жақтары ойыңызға бекиді, жақсы қасиеті естен шығады, ол әңгіме аяқталғаннан соң да сол көңіл күймен жүресіз, және жұбайыңызғ да ара қатынасыңыз адам сүйсінерліктей болмайды. Сені сыйламай , жек көріп тұрғанын байқаса ешкім де жақсы қатынаспен жауап қайтармайды. Солай ара қатынас бұзыла береді.Өзіңнен басқа адамды өзгерту мүмкін емес әрине, бірақ сәл санасы болса сыйластықты түсінеді. Сыйластықпен ара - қатынас жасау үшін ойыңызға тек жаман қасиеті келмеу керек, яғни ол туралы сөз қозғай бермеген жөн.
2) Тіпті ішіңізге симай бара жатса қағазға жазыңыз да жыртып , ашуыңызды алып шимайлап, сосын өртеп тастаңыз.