Болады.
ҰБТ келесі білім беру пәндері бойынша өткізіледі:
1 блок – Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы (оқыған тілінде);
2 блок – «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелді) 5-қосымшаға сәйкес кез-келген нұсқадағы екі бейіндік пән (шығармашылық емтиханнан басқа).
ҰБТ нәтижесі бойынша 50 ұпайдан кем алса немесе қандай бір пәннен 5 ұпайдан төмен алса,үміткер конкурсқа қатыстырылмайды.
Әскери институттың курсанттарының санатынан үміткерлерді қабылдау ЖОО қабылдау комиссиясы конкурстық негізінде оның рейтингісіне сәйкес, ҰБТ ұпайларын қосқанда жиынтығы және физикалық даярлығы бойынша орташа ұпайымен есептеледі.
Толығырақ: http://www.vivv.kz/kaz/?page_id=70