0 дауыс
1.5k көрілді
Шын жаксы корген Кыз жигитин урсып калган жагдайда Калай кызгандырады

Комектесиндерш,назданып тисип кызгандра береди

2 жауап

0 дауыс

Жігіт көңілі суып, қоштасу жайлы әңгіме айтса, қызға оңай тимейтіні анық. Сағыныш пен зарығу адамды күйзелтіп, өмірдің еш мәні жоқтай көрінеді. Дегенмен, уақыт тоқтап қалмайды, әрі қарай өмір сүру керек: оны не қайтару керек, не қызғандырып, өш алу керек. Қайсы болса да, сенің пайдаңа.

1. Басқа жігіттер жайлы айт

Егер бұрынғы жігітіңмен достық қарым-қатынасты сақтап қалсаң, онымен әңгімелескенде басқа жігіттер жайлы айта баста. Мысалы, кешегі тойда бір жақсы жігітпен танысқаныңды, онымен бұрынғы достар сияқты тез сөйлесіп кеткеніңді, жақсы жігіт екенін, сөзге шешен, сегіз қырлы бір сырлы екен деген сияқты мақтау сөздерді де қосып қойсаң болады. Мұндай әңгімеден ол сені қызғанатыны анық.

2. Сабырлы және шырайлы бол

Қарым-қатынас үзілген соң бұрынғы жігітіңе қайғырып, жылап, күйзелісте жүргеніңді көрсетпе. Бұл олардың таңданысын тудырып, қызғандыруға себеп болады. Екінші жартысының бәрін оңай жеңіп жүргенін және биязы күліп-ойнап жүргенін олар көре алмайды. Сондықтан, ең бастысы түңілме, сонда ол міндетті түрде сенің ең жақсы қасиеттеріңді есіне ала бастайды.

3. Әрдайым жақсы ойла

Көңіл-күйің қанша жоқ болса да, мұны айналаңдағы адамдарға білдірме. Әсіресе оған. Әрдайым шаттыққа бөленіп, өмірдің рахатын көріп жүргендей кейіп таныт. Олсыз да өмірің керемет өтіп жатқанын көрсет.

4. Әрдайым құлпырып жүр

Қоштасудан кейін де әдемі және тартымды болып қалуың керек. Бұл - бұрынғы жігітіңді қызғандырудың ең жақсы амалдардың бірі. Шаш үлгіңді өзгерт, сәнді киін, макияж жасап жүр. Өйткені жігіттер көзбен жақсы көретіні бесенеден белгілі.

5. Сырттай қалай өзгергеніңді көрсет

Бұрынғыдан да құлпыра түс, толықтай өзіңмен айналыс. Өйткені күнделікті жанында қарапайым қызды көріп үйреніп қалған жігіт, қоштасқан соң, бұрынғы қызының жақсы жаққа өзгергенін, құлпыра түскенін көріп, жоғалтып алғанына өкінетін болады.

6. Күттіріп қой

Егер бұрынғы жігітің ұялы телефоныңа хабарлама жіберсе, оған бірден жауап берме. Кем дегенде 3 сағаттан кейін, немесе 1 күн, тіпті 3 күннен кейін жауап берсең – оны әбден мезі қыласың.

7. Әлеуметтік желіде белсенді бол

Өміріңдегі жарқын сәттерді әлеуметтік желідегі парақшаңа жариялап отыр. Өзіңнің жарқын күліп түскен суреттеріңді, достарыңмен, құрбыларыңмен асыр салып көңіл көтеріп жүрген суреттеріңді молынан сал. Тіпті біреумен кездесіп жүргеніңді де жасырмай белгілеп қойсаң болады.

8. Оның көзінше басқа жігіттермен сөйлес

Мысалы, университет алдында тұрғанда жігіт достарыңмен күліп-ойнап, қалжыңдасып, риза болып тұрғандай кейіп таныт. Бұл оның жынына тиері анық.

9. Әрдайым өзіңе және өз істеріңе сенімді бол

Егер өзіңе және өз істеріңе сенімді болатын болсаң, ол уақыт өте келе қандай қайратты да батыл қызды жоғалтып алғанын түсінеді және мұндай қыз енді жолыға ма, жолықпай ма деп қайғыратын болады. Бұл ойлар оны қайта сенімен қосылуға итермелейді. Бұрынғы жігіттердің қыздарына қайтып келетіні де содан.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/20560/

0 дауыс
Сұрақ нақты емес. Қыз не жігіт қойған сұрақ екені түсінікті емес. Екі жастың арасына есі кеткен түседі. Сұраққа келсек, екінші жартыңыздың мінезі мен өз мінезіңізді психологиялық тұрғыдан оңтайластырған дұрыс-ау шамасы. Бұл жерде сіздердің арақатынастарыңыз туралы ақпарат бізге беймәлім
...