0 дауыс
2.2k көрілді
ҰҚК маманы болғым келеді .Бала күнгі арманым.Қыз баласын алады ма?Қандай пән Ентда тандау қажет.сіздерден жауап күтемін)

1 жауап

0 дауыс

Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке қабылдау тәртібі  

Мына ақпарат ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің сайтынан алынған. Толығырақ сілтемеден қара.

 Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке келісімшарт бойынша қабылдау «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 7, 8, 9, 10-баптарымен регламенттелген. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке келісімшарт бойынша он сегіз жасқа толған әрекетке қабілетті адамдар қабылданады. Кандидаттың білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі, дене дайындығы және денсаулығы ҰҚО белгілеген талаптарға сәйкес болуы тиіс.     ҰҚК жедел бөлімшелеріне жасы 23-тен кіші емес азаматтар қабылданады.   Қызметте болудың шекті жасы 47 жасты (майор атағын қоса алғанда) және 55 жасты (полковниктер үшін) құрайды. Сондай-ақ 25 және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар ҰҚК қызметкерлері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, оның кемiнде 12,5 жылын ұлттық қауіпсіздік органдарындағы үзіліссiз қызмет құрауы тиіс. Қызметке қабылдау кезінде азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық тексеруден, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді.     Қызметке қабылдау конкурстық негізде екі кезеңде жүзеге асырылады: Кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеу. Алдын ала іріктеуден өткендер үшін конкурс өткізу.   Бірінші кезең. ҰҚО-ға әкімшілік-шаруашылық қызметке қабылданғысы келетін азаматтар тұрғылықты немесе жұмыс орындары орналасқан жерлері бойынша ҰҚК аумақтық органдарына өтініш береді. Қызметке қабылданатын кандидатқа мынадай талаптар қойылады: офицерлік құрам лауазымына: жоғары білімі бар адамдар; кандидаттың алған жоғары білімі бойынша орташа балы оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 2,67 (В-) (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 4 балдан кем емес)  кем болмауы тиіс. Кандидатта сирек кездесетін мамандығы (оның ішінде техникалық және медициналық бейін), мамандандырылған білімі (оның ішінде сирек шет тілдерін білуі), Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау органдарында жедел-қызметтік іс-қимылдың өзекті бағыттары бойынша практикалық қызметтің белгілі бір тәжірибесі болған кезде, сондай-ақ ғылыми дәрежесі, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, оқытушылық қызмет тәжірибесі немесе спорттық жетістіктері болған кезде алған жоғары білімі бойынша орташа балын оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 1,0 (D-)-ға дейін (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 3 балдан кем емес) төмендетуге жол беріледі. 2) сержанттар құрамының лауазымына: болжанып отырған қызметтік іс-қимылдың бейіні бойынша ұқсас ортадан кейінгі немесе жоғары білімі бар адамдар; қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімді әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер; қатардағы жауынгерлер (матростар), запастағы сержанттар (старшиналар).       Қызметке: 1) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған, әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн сырқаты бар; 2) қызметкердің қызметте болуына байланысты заңда белгіленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi қабылдаудан бас тартқан; 3) қызметке тұрар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған, қызметке тұрар алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған, қызметке тұрар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған, қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке тұрғанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған; 4) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан (қызметтен) шығарылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған; 5) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе зайыбы (жұбайы) және оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған; 6) жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) не зайыбы (жұбайы) немесе оның жақын туыстары ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған; 7) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық немесе медициналық куәландырудан немесе полиграфологиялық зерттеуден өтпеген адам қабылданбайды. Ұлттық қауіпсіздік органдары кандидатқа қызметке қабылдаудан бас тартудың анықталған себебін түсіндірмеуге құқылы екенін атап өту қажет.   Іріктеу кезінде кандидат: кадрлар бөлімшесінде әңгімелесуден;  заңнамаларды, мемлекеттік тілді және компьютерлік сауаттылық деңгейін тексеру бойынша тестілеуден; жоспарланып отырған қызмет бағыты бойынша заңнамаларды білуге компьютерлік тестілеуден; қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық, психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеуден; өзіне,  жақын туыстарына (ата-аналарына, балаларына, асырап алушыларына, асырап алынған балаларына, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiне және апа-сiңлiлерiне, қарындастарына, аталарына, әжелерiне, немерелерiне) және жұбайының (зайыбының) жақын туыстарына арнайы тексеруден өтеді. Арнайы тексеру жүргізу үшін кандидат ҰҚО кадрлар қызметіне мыналарды ұсынады: өз қолымен толтырылған сауалнама; өз қолымен толтырылған өмірбаян; қажетті құжаттардың түпнұсқалары (бар болған кезде), оның ішінде: жеке куәлік (не болмаса Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты); туу туралы куәлік; неке қию туралы куәлік; жалпы орта білімі туралы аттестат; техникалық және кәсіби білімі туралы не болмаса қосымшасымен ортадан кейінгі білімі туралы диплом; жоғары білімі туралы диплом және оның қосымшасы (транскрип); әскери билет не болмаса тіркеу куәлігі; еңбек кітапшасы не болмаса еңбек жолын растайтын құжаттар; 9х12 көлемдегі үш дана және 3,5×4,5 көлемдегі алты дана фотосурет (бас киімсіз); жақын туыстарының (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) және зайыбының (жұбайының) жақын туыстарының құжаттары;   Бірінші кезеңнен өткеннен соң кандидат нақты бос лауазымға тағайындалу үшін конкурсты хабарлауды күтеді.    Екінші кезең – конкурс. Қабылданатын лауазымға қойылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда аумақтық органның конкурстық комиссиясы кандидаттарды екінші кезеңге өткізу туралы шешім қабылдайды.  Екінші кезең ҰҚК Орталық аппараты базасында өткізіледі. Кандидаттар мынадай конкурстық рәсімдерден өтеді: жазбаша-сөйлеу дағдыларын тексеру (жазбаша жұмысты орындау); саясаттану бойынша білімдерін тексеру; дене дайындығын тексеру (ерлер – 3000 м., 100 м. жүгіру, белтемірде тартылу; әйелдер – 1000 м., 100 м. жүгіру, кешенді-күштік жаттығу); кәсіби құзыреттілік деңгейін бағалау; медициналық куәландыру.   Конкурс өткізілетін жерге бару және кері қайту, тұрғын жай және басқа да шығындарды кандидат өз қаражатынан төлейді.   Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия офицерлік лауазымға тағайындауға ұсыну немесе ұсынбау туралы шешім қабылдайды.   Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция бөлімшелеріне әскери қызметке қабылдау тәртібі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.  


 

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.

...