0 дауыс
1.0k көрілді
Мына әлем, галактикалар, жұлдыздар, жер шары, барлығы үлкен жарылыс салдарынан пайда болған дейді. Адамзат сол материя бөлшектерінен, тіршілік молекулаларынан дамып эволюциялық жолмен осы күнге дейін жеткен екен-мыс. Ғылым бұл жерде Құдайды араластырмайды. Онда, бұл жерде заңды сұрақ пайда болады: барлық әлемнің негізін құрап тұрған атом мен энергия, зат құраушы бөлшектер қайдан пайда болады, жоқтан ба, онда қалай? Жарылысты айтудың керегі жоқ, Мен неден шыққанын  емес, жоқтан қалай пайда сұрап, жатырмын. Егер бір нәрсе бар болса ол әуелі жоқ болады. Оның бастауы болуы, пайда болуы керек емес пе? Энергия жоқтан пайда болмайды, жоғалмайды. Онда ол не энергия деген бастауы шексіз аяқталуы шексіз зат па? Ол түбі бір нәрседен пайда болуы керек емес пе? Бос кеңістіктің өзі болмауы керек қой. Кеңістік қайдан пайда болды? Өтініш, бұндай нәрсеге бас қатырғысы келмейтіндер, миы ашып кететіндер, өтіп кетсін.  Осы тақырыпқа қызығатындар. Соңына жетуге талпынантын ойшылдар болса жазсыншы! Ғылым еш нәрсеге Құдайды араластырмайды. Онда соңына дейін Құдайды араластырмай жауап іздеп көріңдерші!

1 жауап

0 дауыс

"әлем", "жаһан", "дүние" (лат. universus) – Ғаламшарларды, жұлдыздарды, галактикаларды, сондай-ақ материя мен энергияны қамтыған тұтас кеңістік пен уақыт және олардың түрлі құрамдарын білдіреді.[10] Бүкіл ғаламның кеңістіктік аумағы әлі де белгісіз болғанмен[3], Бақыланатын ғаламның кеңдігін өлшеуге болады, оның диаметрі шамамен 93 млрд жарық жылы екені белгілі болды. Түрлі мультиғалам (multiverse) гипотезаларында, бір ғалам алып мультиғаламның көптеген құраушы бөліктерінің бір бөлігі болып,[11] ол барша кеңістік пен уақытты және оның мазмұндарын қамтиды,[12] нәтижеде "ғалам" және "мультиғалам" ұғымдары бұл теорияларда синоним болады.

XX ғасырдың 70-жылдарында әр түрлі елдердегі астрономдардың ұжымдық еңбектерінің нәтижесінде Метагалактиканың мынадай маңызды қасиеттері анықталды:

галактикалар Метагалактикада бірқалыпты таралмаған; олардың көпшілігі галактикалар шоғырлары мен топтарына жинақталған;

галактикалар бір-бірінен, жуық шамамен, орналасу қашықтығына пропорционал болып қашықтайды (мысалы, бір-бірінен он млн. пк қашықтықтағы галактикалар 600 км/с жылдамдықпен қашықтайды);

ғаламның біз орналасқан бөлігі миллиметрлік радиотолқындар диапазонындағы радиосәулемен бірқалыпты толтырылған. Бұл сәуле реликт сәуле деп аталады.

Реликт сәуле, өткен ерте дәуірдегі Метагалактиканың пайда болу бастамасына байланысты сәуле шығару процесінің қалдығы деп жорамалданады. Жұлдыздар мен жұлдызаралық зат иондалған газдан құралған. Бұл ғаламдағы заттың негізгі физикалық пішіні қатты зат та, сұйықтық та, бейтарап газ да емес, иондар мен электрондардан тұратын плазма деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Біздің Галактиканың өз осі төңірегіндегі бір айналымына кететін уақыт, шамамен, екі жүз миллион жылға жуық. Басқа галактикалардың да бір айналымына кететін уақыт осымен шамалас. Сонымен галактикалардың орташа жасы он миллиард жыл деп есептеледі. Алып галактикалар жүз миллиардтан астам жұлдыздан, ал Метагалактика жүз миллионнан кем емес жұлдыздан құралатындықтан ғаламдағы жұлдыздардың саны 1019-нен астам деп есептеледі. Сондықтан мұндай кейбір жұлдыздардың төңірегінде органикалық өмірдің, сондай-ақ Жерден тыс өркениеттің болу мүмкіндігі теріске шығарылмайды.

Әлем — уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің даму процесінде материя қабылдаган нысандары бойынша ақыры жоқ сан алуан бүкіл бар материалдык дүние. Қазіргі түсінік бойынша, Әлемнің жасы 15 млрд жыл шамасында.[13]

Мыңдаған жылдар, ғасырлар бойы адамзат Күнді, Айды, планеталарды және белгілі бір жұлдыздарды ғана бақылап келді. Көптеген аспан шырақтары, барлық қоршаған орта тәрізді, оларға өзгермейтін сияқты болып көрінді. Бірақ, сол ерте заманның өзінде дүниеде бәрі де дамиды деген философтар да болды. Бірінші ғарышнамалық болжамдарды ұсынған ғалымдар (XVIII ғасыр) ғарыштық материяның даму барысында қалайша Күн жүйесінің пайда бола алғанын түсіндіруге тырысты. XX ғасырда эволюция идеясы барлық әлемге таратылды.

Әлем — бұл нақты өмір суретін, уақыт пен кеңістік бойынша шексіз және өзінің дамуы барысында барлық мүмкін болатын пішін қабылдайтын материялық әлем.

Қазіргі құралдармен бақыланып отырған әлемнің бөлігі Метагалактика деп аталады. Бұл біздің Әлем. Оның өлшемі бақыланатын ең алыс денелерге дейінгі қашықтықпен шектеледі. Әлем көптеген метағаламнан тұруы мүмкін.

Метагалактиканы сипаттау үшін математик әрі астроном А.Фридманның (1888—1925) ұсынған моделі пайдаланылады:

Метагалактика эволюциясы гравитациялық күштерімен анықталады;

Метагалактика кеңістігі изотропты (белгіленіп алынған бағыты жоқ);

Метагалактика кеңістігі біртекті.

Жалпы салыстырмалылық теориясының теңдеуінен Фридман Метагалактиканың тұрақсыздығы туралы қорытындыға келді.

Фридман моделі бақылаулар нәтижелерімен сәйкес келіп, дәлелденіп отыр. Ғылымға белгілі Метагалактика тарихы Галактика да, жұлдыз да жоқ кезде, ол заттар аса тығыз, аса ыстық күйде болған уақытта шамамен 15 млрд жыл бұрын басталған.

Ұқсас сұрақтар

...