Велосипедке қалай күтім жасау керек?

0 дауыс
447 қаралым
Велосипед сатып алғаннан соң оны қалай күту керек? Толығырақ ақпарат берсеңіздер.
• Санаты: Жалпы сұрақ | 447 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

1. Велосипед тепкеннен кейін шүберекпен сүрту керек ( дымқыл ), кірленген жерді тазарту үшін. Оны су шашып жууға кеңес берілмейді, өйткені велосипед бөлшектерінің ішіне су кірмеуі керек. Тазартудан соң  кейін велосипедті майлау керек. Сумен жуу керек болған жағдайда жуғыш суықтық құрамында майлағыш майды ерітетін, ризинаның беріктігіне зиян келтіретін реагенттердің болмауын қадағалау керек.

2. Велосипедті құрғақ жерде сақтаған дұрыс 

3. Ақаулы велосипедпен жүруден аулақ болыңыз, өйткені ақаулықты уақытында түзетпеу одан әрі зақымдануға әкелуі мүмкін. 

4. Ұзақ уақытқа сақтауға қояр алдын тазалап және майлау қажет. Дөңгерегінің ауа қысымын 1-1,5 атмосфера мәніне дейін түсіру керек.

Бұл жалпы велосипедке арналған күту шаралары.

Велосипедтің түріне қарай әртүрлі басқа да күтім түрлері қажет болуы мүмкін. Велосипедтің механизмі күрделенген сайын күтімі де көбейе түседі.


Жақсы жауап таңдалды

Ұқсас сұрақтар

127,939 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,938 қолданушы