Қазіргі заманда медицина алға жылжып, қарыштап дамыды дегенімізбен, әлі күнге дейін осы тыртықтар мен кесіктерді қалпына келтіретін әдіс тапқан жоқ. Алайда біз оңай әдісті білеміз. Оның көмегімен тыртықты толық кетіруге болмас, дегенмен оның көлемін азайту мүмкін. Сонымен тыртықтың орны тез жазылуы үшін ең әуелі не істеу қажет? Егер үй жағдайында жарақат алсаңыз, дереу қайнаған таза сумен шайыңыз. Сондай-ақ, мұндай жағдайға көшеде ұрынып қалсаңыз жақын жердегі дүкенге барып, таза газсыз минералды су сатып алыңыз. Жарақатты жуып болған соң қан тоқтатутың жолдарын қарастырыңыз. Содан соң таза майлық немесе қол орамал алып, қан тамырларын қысу үшін жақсылап жараның аузына басыңыз. 5 минуттан кейін тромб қалыптасып, қан тоқтайды. Йод пен жасыл дәріні жолатпаңыз. Олардың орнына 3% сутек тотығын пайдаланыңыз. Одан кейін жарақаттың жан-жағын жақындастырыңыз. Бұл алдағы уақытта тыртықтың білінбей бітіп кетуіне көмектеседі.
Енді ісіктің алдын-алуға тырысыңыз. Ісік қаншалықты аз болса, қабынудың күші бәсеңдейді. Ісікті басудың ең қарапайым жолы – жарақаттың алғашқы минуттарында салқын компресс басу. Бұл әдіс өз нәтижесін 6-8 сағаттан соң береді.
Толығырақ: https://surak.baribar.kz/322145/