0 дауыс
1.2k көрілді
Жүріп жүрген ер азаматка қиын сәтте қалай қолдау білдіруге болады? Ол өте алыста болғандықтан оған өте қиын. Анасымен арасын мен жақсартуым қажет деп ойлаймын. Қалай ойлайсыздар?

1 жауап

0 дауыс

Жігітке айтылатын жылы сөздер
Махаббатсыз дүние бос...
Абай

"Жігіттер ғана қыздарға жылы сөз айтып, еркелетіп отыруы керек" деген тұжырымды ысырып тастап, өз жігітіңізге қуаныш сыйлап көріңіз. Өйткені ер азамат та қолдау күтеді. Оған керек қолдауды сіз көрсетпесеңіз, кім көрсетпек?

♥ Сен – азаматсың, сенің айтқаның дұрыс

Ер адамның сөзі кез келген мәселенің нүктесін қойса, азаматтың өз-өзіне деген сенімділігі ұлғая түседі. Егер ол айтқан кеңес кәдеңізге жараса, оны міндетті түрде айтыңыз. "Сенің арқаңда мына мәселем оң шешімін тапты, сен айтқандай істеп едім, дұрыс жасаппын", – дегенді айтқаныңыз жөн.

Егер оның сөзі мен сіздің сөзіңіз бір жерден шықпаса, аптықпаңыз. Оның да жөнді шешімі бар. "Сенің айтып отырғаның дұрыс қой, бірақ..." деп басталған әңгімеңіз оған жақсы әсер етпек.

♥ Бәрі үшін рақмет саған!

Ешқашан "сенен жамандық көрдім", "сен маған не жақсылық жасап едің?" деген сөздерді айтпаңыз. Өйткені ер азаматтың жаныңызда жүргенінің өзі – сізге үлкен тіреу. Адамның жаратылысы сондай, ол жақсылыққа қарағанда, жаман нәрсені көп байқайды. Бірақ бір сәт ойланып көріңізші. Сіз сүйген жанның махаббатының өзі неге тұрады?

♥ Сенімен бірге бақыттымын!

Жақсы сөздер айтып, ер азаматтың еңсесін көтеріп жүрсеңіз, ол да сіздің қолдауыңызды сезінетін болады. Ал үнемі қабағыңызды шытып, бір нәрсеге көңіліңіз толмаса, оған қатты-қатты сөздер айтумен болсаңыз, ол да "тағы не айтып қалар екен?" деп төменшектеп жүреді. Сондықтан атам қазақ "жаман әйел жақсы еркекті көрге сүйрейді, жақсы әйел жаман еркекті төрге сүйрейді" деп айтып кеткен.

♥ Сенің қолыңнан келеді!

Ер адам сезімін, көңіл-күйін үнемі ішінде жасырады. Көп сөйлемейді, ішінде не жатқанын білмейсің. Оған жиі-жиі "сенің қолыңнан келеді!", "сен жетістікке жетесің!" деп демеу беріп отырсаңыз, кез келген қиындығы жеңілдей түспек.

♥ Маған сенің ақылың керек

Бұлай айту арқылы сіз оның пікірінің құнды екенін көрсетесіз. Ол өз кезегінде сізге бұрыс жол сілтемейтіні анық! Көп қыздың қателігі сол, "менің айтқаным дұрыс", "мен не десем, сол болуы керек" деген оймен жігіттің кеудесінен басады. Бұл – жігіт пен қыздың арасына салқындық салатынын ұмытпаңыз...

Толығырақ: https://vk.com/wall-60759295_106149

Ұқсас сұрақтар

...