0 дауыс
665 көрілді
Саламатсыздарма мен февральда босандым 40кунге жетпи кан токтады содан 5 кун етеккір келді енди келеси айда келмеди уже 12 13 кундей асып кетти келер уакыттан сондп котердимбе тагы 3айлык баламды емизип журмин

1 жауап

0 дауыс

Босанып, сәбилі болып, оны емізетін уақытта етеккірдің келуі кей әйелдер үшін қалыпты жағдай болып табылады. «Емшекте баласы бар әйелдің етеккірі келмейді» дейтін түсінік барлық әйел үшін бірдей емес. Рас, кезінде жүктіліктен сақтанатын гормоналды препаратттар мен босану барысында пайдаланылатын дәрі-дәрмектер жоқ еді. Барлық тұрғыдан алғанда әйелдер табиғи жолмен босанды. Сол уақыттарда емшекте баласы бар әйелдерде етеккірдің ерте келуі туралы ой қазіргідей болмайтын. Бірақ қазір мүлдем басқаша. Мамандар оның сырын әлгіндегідей препараттарда (гормоналды өзгерістер тудыратын дәрі-дәрмектер) дегенді айтады.

Босанғаннан кейін етеккірдің келуі

Босанған әйелдің етеккірі бірнеше айдан соң да келуі мүмкін. Сәбиін емізетін әйелде эндокриндік жүйенің жұмысына жауапты гипофиз безі пролактин гормонын көбірек бөледі. Осы гормон аналық жыныс жасушалырының жетілу процесін уақытша тоқтатады. Егер емізуді доғарса не емізу режимінде өзгеріс болса, пролактин гормоны азайып, аналық жыныс жасаушалары жетіліп, овуляция қайта басталады. Овуляциялық процестің соңы етеккірдің келуімен аяқталады.

Кейде баласын тұрақты түрде емізетін әйелдің етеккірі босанғаннан соң екі айлық уақыттан бастап келеді. Соған қарамастан, физиологиялық жағынан әйел өз қалпында болады. Демек, ондай етеккір үшін алаңдауға негіз жоқ.

Босанғаннан кейін келген етеккірдің кешігуі

Босанғаннан соң алғашқы етеккір келгенде етеккір циклы қалыптасқан болып саналады. Бірақ циклдың тұрақты және тұрақсыз түрлері болады. Мәслен, босанғанына 4 ай болғанда етеккірі келсе, кейін келетін етеккірлерінің арасындағы уақыт белгілі болса, ондай етеккір циклы тұрақты деп саналады. Ал егер етеккір басында белгілі бір уақыттарда қайталанып, кейін ұзақ уақытқа жоқ болып кетсе, ондай етеккір циклы тұрақсыз деп саналады. Тұрақсыз етеккір киклы кезінде кей аналар «Жүкті болып қалдым ба?» деп күмәнданады. Ондай жағдайда жүктілікті анықтайтын тест жасауына болады. Егер жүктілік байқалмаса, соған қарамастан күмән сейілмесе, ультрадыбыстық зерттеу арқылы жүктіліктің бар-жоқтығын анықтауына болады.

Босанғаннан кейін келген етеккірдің кешігуі бірнеше күндік уақыттан бастап біршама айлық уақыт аралығында болады. Мысалы, баласын емізетін әйелдің алғашқы үш етеккірі тұрақты түрде келіп, төртіншісі 7-8 айдан соң келуі мүмкін. Жағдайдың олай болуына түрлі себептер әсер етеді. Соның ішінде бала емізу де бар. Қорыта айтқанда, бала емізу кезінде етеккірдің кешігуі келесі жүктіліктің басталғандығын білдіре бермейді. Анығын тексерулер арқылы білу керек.

Бала емізбейтін әйелдің етеккірі кешіксе…

онда алаңдауға тұрарлық мәселе деген сөз. Міндетті түрде гинеколог-дәрігерге жағдайды айту қажет. Баласын емізетін әйел мен емізбейтін әйелдің ереккірлерінің кешігулерінің себептері әр түрлі болады. Етеккірдің кешігуі бала емізетін әйелдер үшін, көбінесе, қалыпты жағдай болып саналады.

Бала емізуді тоқтатқан әйелдің етеккірі араға 1-2 ай салып барып келуі тиіс. Егер әйел сәбиін аралас түрде тамақтандыратын болса (анасының сүті және қосымша тамақтар), етеккірі 3-4 айдан соң келеді.

Толығырақ: https://anamenbala.kz/analar-alemi/bosangannan-kein-etekkirdin-kelui-jane-keshigui/

...