"Ғаламтор және денсаулық" тақырыбы бойынша нақты ақпарат керек!

0 дауыс
807 қаралым
Достар, маған мұғалімім "Ғаламтор және денсаулық" тақырыбы бойынша ізденіп келуді тапсырған болатын. Интернеттен осы сұрақ бойынша нақты ақпарат таба алмай отырмын. Көмектесіңдерші, өтініш!!!
Үй тапсырмасы

1 жауап

0 дауыс

Жастарға арнаған сөзінің бірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Біздің жастарымыз оқуғажаңа ғылым мен білімді игеругежаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек” деген болатын.

Өкінішке қарай, елімізде ғаламтордан зиян шеккен балалар туралы дерек жоқ. Өйткені ел аумағында арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілмейді екен. Әйткенмен мектеп жасындағы балалар әрқилы әлеуметтік желілердің тұрақты «қонағына» айналғалы қашан. Тіпті сабақ үстінде ұялы телефон арқылы хат алысатын оқушылар да жеткілікті.

Ғаламторға, оның ішінде қоғамдық желілерге тәуелді жастар ғалымдардың соңғы зерттеулері бойынша осы әуестігі нәтижесінде өзіне деген сенімділігін жоғарылатады екен. Психологтар қоғамдық желілер арқылы танысып, тілдесу адамның батылдығына, өзіне беретін бағасына әсер ете алады, ол көрсеткіштерді жақсы жаққа қарай өзгертеді дейді. 

Толығырақ: https://melimde.com/85-orta-mektebi-kommunaldi-memlekettik-mekemesi-informatika-se.html?page=9

127,719 сұрақ
322,369 жауап
153,238 пікір
72,715 қолданушы