0 дауыс
2.9k көрілді
Менің қасыма 3-4тал ақ қас шығыпты неден болуы мүмкін,гемоглобин түскенен болуы мүмкін ба? Қайда қаралсам болады?
Менің де қасымнан, ақ  түк шықты, әм ұзын, 7 сәнти, бір екі ай болды .  Неше жыл бұрын да шыққан, 2,3 айдай уақыт.  ол тіпті ұзын,  10неше сәнти..  ғажап

1 жауап

0 дауыс

⚠️Шаштың ерте ағаруы⚠️
бүйрек жұмысының бұзылғанын білдіреді
Бүгінгі жастардың шашы ерте ағаратын болған. Бұрын қырықтан асқан азаматты «самайын енді ақ қырау шала бастаған» деуші еді. Қазір «ақ қырау» мектеп оқушыларын да «меншіктеп» алған. Бұл ненің белгісі?
Әдетте шашқа ақ түсуін халқымыз «ес жию», жастықтың өтіп, кәріліктің жақындауы деп жатады. Ал Шығыс медицинасы ақ шаштың пайда болуын бүйректің сырқаттануымен байланыстырады. Өйткені эндокриндік жүйенің дұрыс жұмыс істемеуі ең алдымен шаш тамырына қажетті нәрді жеткізбей қалады екен. Сол сияқты күн астында көп жүру де шаш түсінің өзгеруіне себеп деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Шаштың ерте ағаруына жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы, витаминдердің жетіспеушілігі, үнемі шаршап, аз демалып, ұйқының қалыпты болмауы, қан аздық сияқты себептер де әсер етеді.
Шаш құрамында алтын, күміс, мыс секілді металдар болады. Соның ішінде мыстың жетіспеушілігі шашты ерте «қартайтады». Ал мысты біздің ағзамыз жаңғақ, бидай, фасоль, ақ желкен сияқты өсімдіктерден ала алады.
Ғалымдардың айтуынша, дені сау адамның шашы айына 1 сантиметр өседі екен. Ал оның «өмірі» алты жыл. Одан кейін өлі шаш түсіп, орнына жаңа шаш шығады. Негізінен шашқа алғашқы ақ түсетін кез – 30-40 жас аралығы. Ал оның көп түсуі, ерте ағаруы ағзадағы ауытқушылықты білдіреді.

Толығырақ: https://www.facebook.com/Auyrmanyz/posts/703628470454474/

Ұқсас сұрақтар

+3 дауыс
7 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...